«Shymkent Bus» ұжымы кәсіподақ ұйымына мүше болды

Screenshot_10.jpg

Елде карантин талабының күшеюі жолаушы тасымалы қызметіне де кері әсерін тигізді. Осыған орай, «Shymkent Bus» серіктестігінің ұжымы кәсіподақ ұйымына мүшелікке қабылданды. Мұндай шешім - компания қызметкерлерінің өз қалауы. Бүгін өңірге арнайы сапармен келген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин автобус паркінің жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерімен кездесті.

«Шымкент бас» серіктестігінде 300-ге жуық автобус бар. Олар 17 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Карантин залалы бұл ұжымды да айналып өтпеді. Жұмыс уақыты қысқарып, бұған дейін 12 сағат жұмыс істеп келген жұмысшылар қазір 6-7 сағатты әзер толтырады. Кәсіподақ ұйымына мүше болғалы, сең қозғалып. Тоң жібіді. Компанияның тең жартысы мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемге қол жеткізді.

Автобус паркіне арнайы ат басын бұрған кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ұжымдағы жағдайды өз көзімен көрді. Сала жетекшісі жолаушы тасымалдаушылардың қауіпсіздік құралдары мен қорғаныш құрылғыларына баса назар аударды. Мұнда автобустар күн сайын дезинфекцияланады. Төрағаның айтуынша, індет өршіп  тұрған сәтте халыққа сапалы қызмет көрсету қиынның, қиыны. Әрі сын сағатында жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы ауызбіршілікті сақтап қалу да маңызды.

Ал, Жұбаныш Жұмабековтің бұл саладағы тәжірибесі көп емес. Бірақ, жолаушы тасымалы қызметінде мақтаулы маманның бірі. Аптап ыстықта карантин талаптарын бұлжытпай орындап, бетперде тағу, қолға қолғап киіп, көлік жүргізу оңай шаруа емес. «Бірақ, қауіптің алдын-алу үшін бұл шарттарды әрбір азамат орындауға міндетті» дейді ол.

Қазір елде эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Салдарынан  жұмысшының айлығы шайлығына жетпейді. Осыны ескерген кәсіподақ ұйымы жолаушы тасымалы қызметінің ұжымына мемлекеттен субсидия беру жағын қарастырып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер