Медицина мамандарын құттықтады

Screenshot_4.jpg

21 маусым - медицина қызметкерлері күні. Бұл дата биыл коронавирус індетімен жаппай күрестің қызған шағына келіп тұр. Вирус таралуының алдын алуда дәрігерлердің еңбегі орасан.

Осыған орай Шымкент қаласында да медицина қызметкерлері күні атап өтілді. Қалалық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасының жетекшілері ұйымдастырып, ақ халатты абзал жандардың еңбегін еледі, төл мерекелерімен құттықтады.

Мегаполистегі медициналық ұйымдар мен ауруханалар, перзентханалардың жетекшілері күнделікті еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Нұрсәт шағынауданындағы перинаталдық орталықтың жетекшілері де осындағы акушер-дәрігер, неонатолог, медбике секілді мамандарға жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.

Дәрігерлер де өздерін мерекемен құттықтаған басшыларға алғыс білдірді.

- Бізді төл мерекемізбен құттықтаған қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық әкімдіктің өкілдеріне рақмет айтамыз. Еңбегіміздің еленгені жұмысымызға шабыт береді. Ал әріптестеріме қызметте сәттілік тілеп, елдің алғысын алып жүре беріңіздер дегім келеді, - деді перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Нұрбибі Мықтыбекқызы.

Құттықтаулар қаламыздағы барлық медициналық ұйымдарда өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер