Жолдардың құрылысы қызуда

Screenshot_2.jpg

Үшінші мегаполис мердігерлері күзге дейін 414 шақырым жолдың құрылысын толық аяқтайтынын айтады.Еліміздегі шырайлы қала саналатын Шымкенттің жолдарын жөндеуге биыл 27 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда шаһарда жол құрылысы қыза түскен. Құрылыс сапасын қала әкімі М. Әйтеновтің назарында. 

Шымкенттегі қалашілік жолдар соңғы рет 2008 жылы жөнделген. Енді міне, ескі жолдарды жаңарту үшін биыл қазынадан қомақты қаражат бөлініп отыр. Аталған 27 миллиард теңгеге 414 шақырым жол салынбақ.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша, биыл шаһардағы техникалық жағдайы жақсы жолдардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделуде.

- Шымкент қаласы бойынша 414 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу, күрделі жөндеумен қамтылған. Биыл 313 шақырымын пайдалануға береміз. Оның ішінде 75 шақырымы біздің осындай магистарльды көшелерде. Жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді басқарма басшысы орынбасары.

Қазір құрылыс басында 45 мердігер компания тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Барлығы 245 көшедегі қалаішілік жолдар күзге дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірнеше көпір жаңартылып, орталық магистральды жол бойында веложолақ салынып, маңайы жарықтандырылмақ. Ең бастысы, төселетін асфальттың сапасы аса жоғары дейді мамандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер