Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 705-ке жетті

Screenshot_5.jpg

Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

Өткен тәулік ішінде еліміздің 1604 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 69-ы – Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы тәуліктегі нәтиже бойынша аймақтарға тоқталсақ, Нұр-Сұлтан қаласы – 110, Алматы қаласы – 113, Ақмола облысы – 92, Ақтөбе облысы – 37, Алматы облысы – 98, Атырау облысы – 229, Шығыс Қазақстан облысы – 98, Жамбыл облысы – 48, Батыс Қазақстан облысы – 149, Қарағанды облысы – 191, Қостанай облысы – 32, Қызылорда облысы – 45, Маңғыстау облысы – 71, Павлодар облысы – 89, Солтүстік Қазақстан облысы – 81, Түркістан облысы – 52. Жалпы ел бойынша қазіргі таңда ауырғандар саны - 41 055.

Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3151-ге (+69) жетсе, жазылып шыққандар саны 705 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 15-ке жеткен.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер