«Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасы өтті

Screenshot_13.jpg

Індет дендеген уақытта үшінші мегаполис тұрғындары өзінің бауырмалдығы мен қайырымдылығын тағы бір дәлелдеді. Қиын сәтте бір-біріне көмегін аямайтын мұсылман бауырлар бұл жолы да қарап отырмады. Коронавирус пен пневмониядан сақтану үшін тек медициналық тұрғыда көмек көрсету аздық етеді. Барлығы бір үйдің баласындай әрекет етсе, нәтижесін бермек. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасы аясында Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын өткізді. Төтенше жағдай кезінде мешіттерде қызмет бабында жүріп науқастанып, ыстығы көтеріліп, ауырып қалған имамдарға рухани һәм материялдық қолдау көрсетілді. 

Шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, Қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, Жастар секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып, үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

Науқастанып қалған 17 діни қызметкерлердің еміне дәрі-дәрмек сатып алу үшін арнайы қаржы үлестірілді. Бұл Шымкент халқының бауырмалдығымен жаны ашығыштығының тағы бір дәлелі есебінде болып отыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер