Мұрат Әйтенов фарм компаниялармен қазіргі ахуалды талқыға салды

Screenshot_19.jpg

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фарм компания басшыларымен жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерінің директорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды. 

Қаланың бас санитар - дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың айтуынша, шымкенттіктерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және дәрілерге қойылған шекті бағаның сақталуына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстап отыр екен.

Бүгінде дәрілік заттардың 41 атауы бойынша (2 ірі дәріхана қоймасы: "НПО Зерде" ЖШС, "Ақниет" ЖШС, Шымкент қаласының 3 ірі бөлшек желісі "EUROPHARMA"ЖШС (30 дәріхана), "Зерде Фарма" ЖШС (35 дәріхана), "Мұрат Фарма" ЖШС (27 дәріхана) 92 дәріханада дәрілік препараттарының қалдығы бар екендігі анықталып отыр. 

Дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырылып жатқанын жеткізді. Күні бүгінге дейін дәрі бағаларына байланысты шекті бағадан асқан жайт тіркелмеген. Егер де ондай жайт анықталған болса, департаменттің бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, чекті қоса көрсету керектігін айтады.

Мамандардың сөзінше, ЖРВИ мен пневмонияның халық арасында кең таралуы, қала тұрғындарының дәрі-дәрмекке сұранысын арттырып жіберген. Дәріханаларға жеткізілген дәрілер 2 сағатқа жетпей таусылып кетіп жатыр екен. Мәселен, қысқа уақыт ішінде Шымкент дәріханалары 2 айлық қордың дәрісін сатып жіберген. Десе де, қоймаларда дәрілер әлі де бар. Тіпті сұранысқа ие кей дәрілерді өзімізде өндіруге де болады.

«Қазіргі таңда Шымкенттегі «138», «Рецепт», «ТИН» дәріханалары дәрілік ерітінділерді шығара алады. Сұраныс негізінде қызметкерлер күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасауда. Шетелден алып келінетін дәрілердің Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығында ұзақ уақыт тұрып қалуда. Осы тараптан қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз» - дейді «Фарм» ассоциасының жетекшісі Хадиша Дербесқызы. 

Қала тұрғындарының дәрілерді шамадан тыс сатып алуы мамандарды уайымдатып отыр. Өйткені, «парацетамол» секілді дәрілерді науқас шамадан тыс көп ішсе, ағзасына кері әсер ететін көрінеді. Жиынды қорытындылаған қала басшысы фарм компания өкілдерін әкімдікпен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Әкімдік тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі. Дәл қазіргі тұрғындардың жағдайына байланысты баршамыз күшейтілген күн тәртібінде жұмыла жұмыс істеуіміз керек» - деді ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер