Дәрі-дәрмек тапшылығы шешімін табуда

Screenshot_1.jpg

Бүгінде үшінші мегаполисте пневмония дерті өршіп, тұрғындар арасында алаңдаушылық сезімі орын алуда. Емханалардағы орын жетіспеушілік пен дәріханалардағы дәрі тапшылығы шешімін табуда.

Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады.

- Қалада 730 дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Аталған дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу қоры жеткілікті. Осы орайда дүрлігіп, рецептсіз босатылатын дәрілерді тым артық сатып алып жатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын! Бүгінде біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз, - деді қала әкімі.

Сондай-ақ шаһар басшысы, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылатынын да атап өтті. Яғни дәрі-дәрмек қоры тарапынан қандай баға бекітілсе, сол бойынша өзінің құнын сақтап отыруы тиіс.

Айта кетсек, бұл ретте тұрғындар қала дәріханаларынан дәрі жетіспеушілігін байқаса, 109 (ikomek) сенім телефонына қоңырау шалуына болады. Ол жерде тұрғындар таралып жатқан індетке қатысты барлық сұрақтарына жауап ала алатын болады.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Преамбула Конституции Казахстана получит полностью новую редакцию
  • Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер