«Covid-19 Шымкент» сайты ашылды

Screenshot_2.jpg

Үшінші мегаполисте «Covid-19 Шымкент» сайты ашылды.  Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Əйтеновтің қатысуымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы дəрі-дəрмек бағасын бақылау, сондай-ақ ашылған провизорлы орындар жəне өкпені механикалық желдету аппаратымен науқастарды қамтамасыз ету жөнінде өткен брифингте айтылды.

М.Дүйсенбекұлының айтуынша, аталған сайтта шаһардағы эпидемиологиялық жағдай кезіндегі барлық ақпараттар, ігдетпен күресте атқарылып жатқан шаралар және өзге де шұғлы ақпараттар жедел түрде тарқатылмақ.  Аталмыш сайтқа тұрғындар кез-келген уақытта кіріп, қажетті, шынайы ақпараттарды ала алады. Осы ретте қала басшысы медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 ақ халатты жандарға 780 млн теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленіп, ал Халық қоры және демеушілер есебінен 935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілгенін жеткізді.

Қалада арнайы ақпарат берілетін портал жайлы айтқан әкім қала тұрғындарын ресми мәліметтерге сүйенулерін сұрады. Тұрғындарға 5 шілде күні енгізілген қатаң шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын ұстануға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер