Биыл 200 ойын алаңшасы тапсырылады

Screenshot_11.jpg

Мегаполис орталығының басым бөлігін алып жатқан Әл-Фараби ауданында ойын, спорт алаңшаларының құрылысы қарқынды. Биылдың өзінде 200 ге жуық балалар ойын алаңшаларын пайдалануға беру көзделген. Өскелең ұрпақты қуанышқа бөлеген құрылыс жұмыстарын тілші әңгімелейді.

Ағымдағы жылдың алты айында Әл-Фараби ауданында 100 аула ел игілігіне тапсырылған. Қосымша  Республикалық  бюджет есебінен 47 аула жасалып жатыр. Қарқынды құрылысқа арнайы бағдарлама бойынша  196 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған.  

Сонымен қатар біздің ауданымызда 34 спорт алаңшалары бар. Олардың бүгінгі таңда 18-і жөнделіп жатыр. Алдағы 3 айда толығымен ремонттап бітеміз деп отырмыз. Жергілікті бюджеттен тағы 36 аула жасау керекпіз. 200 ге жуық аула жасалып жатыр"- дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Мердігерлер нысанды тездетіп мерзімінен бұрын тапсырамыз, деп отыр. Дегенмен ойын, спорт алаңшаларынның сапасы басты назарда.

Бұл жерде 12 аула бар. Оған 171 млн теңге бөлінген. Бұл істеп жатқанымыз соңғы дом. Осы төрт үйдің ауласын қамтып жатырмыз",- дейді мердігер Нұрлыбек Дубаев. 

Тапсырған алаңшаларға 3 жыл кепілдік беріледі. Осы уақыт аралығында бүлінген жері болса компания жөндеп береді. Құрылысқа Отандық өнімдер пайдаланылған. Айтқандай Әл-фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Ондағы аулалардың 70 пайызы ойын, спорт алаңдарымен қамтылған. Алдағы жылдары барлық аулаларды талапқа сай абаттандырамыз –дейді аудан әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер