Әкім дәрі-дәрмек қорын қадағалады

Screenshot_5.jpg

Бүгінгі таңда маңызды әрі өтімді дүние дәрі-дәрмек болып тұрғаны мәлім. Осы тұста қалада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме? Қандай мәселе бар? Сұрақтар төңірегінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтерме қоймаларына арнайы барып, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және дәрілік қордың жеткілікті екеніне көз жеткізді.

Бүгінде аталған екі фарм компания қорында 273 мың флакон левофлоксацин ерітіндісі, 200 мың қорапқа жуық аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі, 130 мың қорап аналгин мен димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды маңызды медикаменттің 8 түрі келген. 

Өздеріңізге белгілі соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер қаламызға жеткізілді. 

Олар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады. Себебі медициналық мекемелерде емделушілерді есепке алып, олардың тегін дәрі-дәрмекпен емделуін қосқанда бұл маңызды қадам екенін анық.

Сонымен қатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде «Химфарм» дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бұл зауыт халықтың бүгінгі жағдайын ескере отырып өзінің жұмысы мен жауапкершілігін екі есе арттырған. Бүгінде мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер