Пневмониядан науқастардың 80 пайызы жазылып шықты

Screenshot_20.jpg

Бүгінде қоғамның маңызды мәселесіне айналған коронавирус инфекциясы мен пневмония дерті бойынша ахуал жақсарып жатыр. Мәселен, Шымкент қаласында пневмония ауруына шалдыққан науқастардың 80 пайызы емделіп шықты. Мәселен, жыл басынан бері пневмония ауруына шалдыққан 12 595 науқас тіркелген болса, қазірде оның 10 263 науқасы емделіп шықты

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Варзилов Тимирхан ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, спикер бүгінгі таңда емдеу мекемелерінде дәрілік заттың жеткілікті екенін атап өтті.   «Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарында қосымша екі айға жететін дәрі дәрмектер бар. Қосымша дәрі дәрмектер қорында 328 027 дана температураны төмендететін препарат бар. Бұған қоса, қорда вирусқа қарсы препараттардың 70 570 данасы, 135 мыңнан астам антибиотиктер, 79 800 антикогулянттар, 110 532 дана емге қажетті витаминдер бар», - деді Т. Варзилов.   

Сондай-ақ 1-ші шілдеден бастап осы аралықта күніне түсетін шақыртулар саны 65 пайызға төмендеген. Бүгінде "103" қызметінде жүз жедел жәрдем бригадасы халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуде.    

 Айта кетейік, 15 шілдеден бастап "1430" онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Аталған сайтқа 486 дәрігер тіркеліп, халыққа тегін медициналық кеңес беруде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер