Мектеп салу өзекті мәселе

Президен Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында орта білімнің сапасы артса, бұл табысты ұлт болуға ықпал ететін маңызды шарттың бірі екенін атап көрсеткен еді. 

Screenshot_7.jpg

Аталған Жолдауда Мемлекет басшысы: «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.

Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек», – деді.

Бүгінде ауылдық жердегі орта білім беру мекемелерінің заман талабына сай салынуы, бұрыннан бар мектептің қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуі өзекті мәселе. Әсіресе жоғары жылдамдықты нтернет желісі оқу орны үшін өте маңызды. Осы орайда Қосмезгіл маңынан қоныс тепкен ауданның әкімшілік орталығында кеңселік ғимараттар бой көтеретінін айта кеткен жөн. Аурухана, әкімшілік, кешенді спорт алаңы, балаларға арналған воркауттардың қазір құрылысы жүруде. Бір жарым жылда қыруар жұмыстары атқарылған Шорнақ бүгін ауыл болғанымен ертең оның кент, қала болатындығына халық нық сенімді. Мұнда бүгінде заманауи метеп салу жайы қарастырылған.

– Біз «Жаңа Қазақстанды» құрамыз десек, әрқайсымыз қайта құрыла білуіміз керек. Жұртты әлеуметтік желі арқылы шулатудың заманы өтті. Шорнақтың көп проблемасы айқай-шусыз шешіліп жатыр.Тек бұл жолда тұрғындарға бірлік керек. Үлкен тәрбие қажет. Ежелгі Сауранның тұрғыны деген қасиетті атқа ие болатындай мінез қажет. Ол бүгінде қалыптасып, қайта жаңғырып келеді. Тек соны жадымызда ұстағанымыз абзал», дейді қорытындылады сөзін аудан әкімі.

Шорнақтықтар аудан әкімінің еркін форматтағы ешнәрсені жасырмай сабырлы өткізген салиқалы есебіне ризашылықтарын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер