Кәсіпкерліккті қолдау қарқыны жоғары

Басты мақсат – кәсіпкерлікті қолдау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында диверсификация мен технологияға негізделген экономика құру жай қажеттілік қана емес, бұдан басқа дамудың жолы жоқ екенін нақты атап көрсеткен-ді. 

Screenshot_8.jpg

Өйткені ел экономикасын көтеруге негіз болатын бағыттардың бірі – кәсіпкерлік саласы. Әр қаланың, ауылдың, кез-келген елді-мекеннің тіршілік көзі орта және шағын бизнеске негізделген. Соның арқасында тұрғындар тұрақты табыс тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпкерлік және туризм саласында жетістіктер жоқ емес. Алайда, атқарылатын жұмыстар одан да ауқымды.

Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты өнеркәсіп саласында 2022 жылдың жартыжылдығында 3 миллиард 628,6 миллион теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 83,5 пайызды құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 2 миллиард 398,7 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 74,1 пайызға жеткен. 

Үдемелі индустриялық –инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 9422,0 млн теңгені құрайтын 5 жоба енгiзiліпті. Осы кәсіпорындарда 218 жұмыс орнын ашу көзделген. Осыдан 2010-2021 жылдар аралығында құны 889,0 миллион теңгенi құрайтын 4 жоба iске қосылып, 164 жұмыс орны ашылыпты. Өндiрiлген өнiм көлемi 121,0 миллион теңгені құрап, жалпы өнеркәсiп өнiм көлемiндегi үлесi 3,3 пайыз болған. Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Сауран ауданындағы шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 5196 субъектінің 5136-ы белсендi жұмыс істеп, 98,8 пайызды құраған.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осал топтағы немесе көпбалалы азаматтарға және 29 жасқа дейінгі жастарға грант беріліп келеді. Ол үшін «Бизнес бастау» сертификаты және бизнес-идеясы болуы керек. Бұған қоса жыл басыан бастап аталған бағдарлама аясында берілетін грант мөлшері 1225200,0 теңгеге дейін ұлғайған.

Мәселен, 2022 жылдың 6 айында осы бағдарлама арқылы бірде-бір кәсіпкер грант алмаған. Себебі соңғы 3 жылда сертификат алғанымен, грантқа қатысуға критерилері сәйкес келмеуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер