Қысқа ерте қамданатын иассы ауылдық округі

Әне-міне дегенше қылышын сүйретіп қыста келді. «Қыс қыр астында тұр» деген нақылға сүйенген Сауран ауданы кәрі құданы қарсы алуға ерте-ақ ерте басталған.

Screenshot_12.jpg

Иассы ауылдық округі өткен жылы жалпы 25903 тонна мал азығын  жинаған. Соның ішінде, жоңышқа -3403 тонна, сүрлемдік жүгері –729 тонна, сабан  - 195,1 тонна, табиғи шөп  11350 тонна, сырттан сатып алынғаны – 10150 тоннаны құрады. Билғы меже өткен жалға қарағанда еселене түсті.

Қалаға жақын орналасқандықтан мұнда түйе өсіріп, қымыранды үзбей қалаға сатып отырғандар бар. Мәселен, «Тұмар шаруа қожалығы 22 бас түйе сатып алды.  Шаруа қожалығының иесі Бейбіт Өтепов дөңгелекті жүк артатын техника сатып алса, Халил Ысқақов шөп оратын «КПИ» техникасын сатып алды. Жайылымдық жердің тарлығына қарамастан, малды қорада бордақылап жатқандар қатары көбейіп келеді. Қазіргі таңда ірі қара малдың басы 5606 басқа жеткен. Ұсақ малдың басы - 49620 бас, жылқы саны - 2594, түйе саны - 684, құс 2645-ке жетті.  

Бұл ретте мал шаруашылығы өнімдерін арттыру жұмыстары да қарқын алып келеді. Мәселен,  еттің «тірі салмақтағы» жоспары 1775 тонна, ал орындалғаны 1 725 бас, нақтырақ  97%.  Ал сүт алуда жоспар бойынша «3625 бас» деп жоспарласа, оның орындалғаны 3585 бас, яғни 98% құрап отыр. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыруда нақ жұмыртқа 204% орындалған.

Үй шаруашылығында өзінің қора-жайында мал бордақылаушылар саны артып келеді. Мәселен, Камилжан Абдихаликов 8 бас ірі қара, Абдикарим Байжанов 5 бас ірі қара, Марғуба Халметова -20 жылқы бағып отыр. Музаффар Хамидов 30 бас жылқыны үй жағдайында бағып отыр. Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізген шаруалар  «Маруф» шаруа қожалығының иесі Маруф Азимов– 200 бас бұқашық,  «Нарбет» шаруа қожалығының иесі Нұржан Жүсіпбаев - 202 бас бұқашық өсіріп отыр. Ангус етті бағыттағы бұқашықтар тез семіретіндігімен мәлім. Тауарлы балық өсіруші Жансая Борисова  50 тонна балық өнімін өндірді.

Иассы ауылдық округі бойынша 4 жүйе құраушы кәсіпорындар «Түркістан» СПК, «Нұр-Сармат» ЖШС, «Алимхан-ата» шаруа қожалығы «Маруф» шаруа қожалығы жемісті жұмыс жасауда.

Құрама жем өндіру кәсіпорынының басшысы Сулейман ата шаруа қожалығының иесі Маматжан Азимовтың құрама жем шығаратын ғимаратының құрылысы бітіп, құрама жем шығаратын құрал жабдықтарын әкелу үшін Ресей федерациясымен келісім шартқа отырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер