2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқев ҚР Прензиденті қызметіне кіріскенде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға арналған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жалғасатынын мәлімдегені есте.
Осыдан кейін ҚР Үкіметі «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» жаңа бағдарлама әзірлеген еді. Бүл күнде сол бағдарламаның шарапатын көріп отырған елді мекендер жетерлік. Мәселен Шорнақ ауылдық округінде аталған бағдарлама аясында 39 көше жөндеуден өтті. 32 көшеге жарықтандыру жүргізілді. Аша елді мекені бойынша «Таза су»-бағдарламасының 2-ші кезеңі жүргізіліп, 2022 жылы қолданысқа берілді.
Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратына келген ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына орай, ауыл әкімінің тарапынан атқарылған жұмыстарды дені көпшіліктің ойынан шықты. Атап айтатын болсақ Аша елді мекеніндегі С.Көшербаев көшесіндегі ойылған көпірге тас төгіліп, елді мекен тұрғындарының өтініштері қанағатандырылды. Шорнақ ауылдық округі бойынша Қазақстан Теміржолы торабы астынан өтетін су өткелдері толып шаруалардың шағымдануына алып келді. Осы мәселені шешу барысында, теміржол қызметкерлері жұмылдырып, сенбіліктер өткізу арқылы тазалау жұмыстары жүргізілген болатын. Шорнақ елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин көшесі бойындағы тұйықтар және Қосмезгіл елді мекенінің жаңа құрылыс түскен Ш.Уалиханов, Д.Қонаев, Р.Атабаев көшелеріне ауылдық округ тұрғындарының жолға шағымдануына байланысты 30 ауыр көліктегі тас төгіліп көшелер біршама ретке келтірілген-ді.
Ауылдық округтегі өзекті мәселелерді зерделеу барысында ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Арыс-Түркістан каналының бойын толық аралап, ағын-суды шаруалардың егістігіне толық жеткізу мәселесі егжей тегжей қаралған болатын. Мәселені толық шешу үшін «Тұран су» мекемесінің басшыларымен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, нәтижесінде егістіктер сумен толық қамтамасыз етілді.
Бұл су өтетін өткелдердің жазда толық тазаланып су жүйелері толығымен жұмыс істеуінің нәтижесі. С.Тоймахан, Ы.Алтынсарин көшелерінің бойында көктемде егілген тал-дарақ, қара күз түскенше күтімде болды. Аауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратының алдына заманауи автотұрақ іске қосылып, әйелдер мен ерлер әжетханасымен қамтамасыз етілген болатын.