Шорнақта біткен іс көп

Шорнақ ауылдық округі күн санап көркейе түсуде. Бұған аудан орталығы мәртебесіне ие болуы да үлкен жауапкершілік пен ауылдың септігін тигізіп отыр. Осыған байланысты кенттегі кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын көтере түсуде.

Screenshot_16.jpg

Қазіргі таңда Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде орналасқан заңды 83 жеке кәcіпкерлер бар. Оның ішінде 52-ге жуығы сауда нүктелері. Шорнақ ауылдық округі бойынша жалпы құны 280 миллион теңге болатын 4 инвестициялық жоба тартылып, жеке кәсіпкерлер қаражатына іске асырылып жатыр. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер бала-бақша, сауда орны, қонақ үй, дәріхана ашуға кіріскен.

Бүгінгі таңда Қосмезгіл елді мекенінде 120 орынды «Нұр-Жанар» бала-бақша өз жұмысын атқарып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Соның арқасында 120 әйел аналар өздерінің сүйікті кәсіптерімен айналысуда.

Мемлекет басшысының қолдауымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа бастамашылықтарды қолдауға арналған мемлекеттік грантты 8 азамат жеңіп алды. Аталған азаматтар 200 есептік айлық көрсеткіш 583400 теңге көлемінде мемлекеттік грант қаржысын алып, кәсіптерін жүргізуде. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 20 миллион теңге болса, «Сунақ ата» есімімен жеке кәсіпкер Сирожиддин Шонабаев 30 миллион теңгеге тамақтану орыны, наубайхана құжаттарын жасауда.

Тағы бір айта кетер жайт, ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігі ең маңызды мәселенің бірінен саналады. Мұнда әскери патриоттық жұмыстарды атқару бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Мәселен өткен жылы әскерге 380 шақырылушы іріктелген. Дәрігерлік сараптамадан 97 шақырылушы өтті. Облыстық әскери сараптамадан 24 бала өтіп, 12 айда 16 азамат әскер қатарына жіберілді.

Полиция тірегінде бір учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда. Учаскелік инспекторлар бекетінде мемлекет тарапынан салынған қызметтік үйде учаскелік инспекторлар өздері түзген кезекшілікпен ауысып тұрады. Рейдтен басқа уақытта жұмыс орнында болады. Тоқсан сайын мектептердегі оқушылармен кездесу өткізіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тығыз байланыста болады. Осындай кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы ешқандай қылмыс орын алған жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер