Бюджет қаржысы салықтық және салықтық емес түсімдерден құралатыны белгілі. Демек, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы осы тектес кірістердің тұрақты әрі жүйелі болуымен де маңызды.
Осы ретте Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округін сөз етер болсақ, былтыр 12 айда мүлік салығы 1541,0 мың теңге болса, жер салығы 350,0 мың теңге, көлік салығы 11676,0 миллио теңге, жеке кәсіпкерліктен жеке табыс салығы 400,0 мың теңгеге, ерікті жарна 200,0 мың теңгеге жетіп, жоспар жүз пайызға орындалыпты. Биыл да аталған салық түрлерінен түсетін түсім ұлғайя түскен. Жалпы Шорнақ ауылдық округінің бюджеті 2022 жылға аудандық мәслихаттың шешімімен салықтық емес түсімдер – 200 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 664 мың теңге, трансферттер түсімдері – 71 133 мың теңге болып бекітілгенін айта кетуіміз керек.
Ал ауылдық округі бойынша бір жылда атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендер саны 250 отбасы болса, оның ішінде учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша 156 отбасы мұқтаж деп танылып, оларға әлеуметтік көмек тағайындалған. Тағайындалған қаржы көлемі 20 516 990 теңге болды. Қалған 94 отбасының құжаттары толық болмауына байланысты мұқтаж еместер қатарына қосылыпты. Әйтсе де мұндағы тұрғындардың ішінде шаруашылықпен айналысатындар жетерлік. Жалпы,
Шорнақ ауылдық округінің ауыл шаруашылық жері -51770 гектар. Оның ішінде суармалысы – 4608 гектар, жайылымы 24120 гектар болып отыр. Шорнақ ауылдық округінде «Сауран ауданы Агроөнеркәсіп кешенін 2018-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасы игі істер атқарылды. Сондықтан өткен жылы іске асырылған жұмыстар атап өтуге тұрарлық.
Шорнақ ауыл округі бойынша барлығы 101 шаруа қожалығы оның ішінде іріленген 7 шаруа қожалығы, 3 жауапкерлігі шектеулі серіктестіктер бар. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 900 миллион теңге болса, нақты орындалғаны 53 миллион 900 мың теңгені құрайды.
Шорнақ ауыл округі бойынша 3460 га жерге егіс егу жоспарланса, 3485 гектар жерге егіс егіліп, 100,7 пайызға орындалған.
Түркістан облысында өндіріске енгізілген жаңа жоба бойынша, 2022 жылдан бастап шорнақтық шаруалар жылына бір алқаптан 2-3 рет өнім алу жобаларын іске асыруға кіріскен еді. 25 шаруа қожалығы қазір межені табысты орындап отыр. 26 ауыл тұрғыны үй іргелік жерлеріне жылыжайлар салып, қияр, қызанақ, қырыққабат егіп, жылына екі үш реттен өнім алды. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша жоспар 0,5 гектар болса, бүгінгі таңда барлығы- 0,85 гектарға жаңадан жылыжай салып редиска қияр, қызанақ егіп пайда тапқандарды да атап өткен жөн.