Қоршаған ортаны қорғау парыз

Мемлекет басшысы 2019 жылы Президенті қызметіне кірісу рәсімінде: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек», – деп қоршаған ортаны қорғауға қатысты тың ойларын бүпесіз баяндап, үкіметке тиісті тапсырма да берген.

Screenshot_3.jpg

Соның негізінде құрылған министрлік бүгінде жүйелі жұмыс атқарып отырғаны әр бір ауылдың абатынан-ақ аңғарылады, «Иассы ауылдық округінің аумағы содан бері айнадай жалтырай түсті. Мұндай тазалыққа талайлар таңғалысын жасыра алмай жатты. Бұл тұста ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Акрам Нышановтан сұрап білгенімізде ауылдық округте үлкен-кіші демей, ауыл тұрғындарының бәрі әр апта сайын сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығына ерінбей атсалысады екен.

Биылдың өзінде бекітілген  жоспарға  сәйкес,  32 рет сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 19 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға төгілген. Тіпті тазалықтан бөлек абаттандыру жұмыстары да қарқынды өтті. Мысалы, «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 100 дана көшет, Шобанақ көшесіне 300 түп, елді мекенге кіре беріске 300 түп көшет, елді мекеннің орта көшелеріне жалпы 200 түп ағаш отырғызылған.  Мектеп аумақтарына 100 дана терек егіліп, Шойтөбе елді мекені, Астана көшесі бойына 100 түп көшет, жалпы -1100 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылып отыр. «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша берілген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындап отыр.

Бекітілген  іс шараға  сәйкес, 2022 жылдың 6 айлығында  әр сенбіде сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 8 тн күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 200 дана көшет, Шобанақ көшесіне 1200 түп, елді мекенге кіре беріске 300 түп көшет,  мектеп аумақтарына 200 дана терек егіліп, жалпы - 1900 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылды.

Күні кеше ғана  «Тазалық» айы деп жарияланып, әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен ауыл округтің тұрғындары және шаруа қожалық төрағаларымен бірлесе 2 техника, 78 тұрғын жұмылдырып, Еңбекші Дихан елді мекені ауыл сырты күл-қоқыстан тазартылды. Осы уақытқа дейін ауыл округке қарасты елді мекендер бойынша техника күшімен 19 тонна күл қоқыс шығарылды. Бұл шын мәнінде басқа ауылдарға үлгі болатындай шара. Өз өлкесіне шын жанашылра игі істен еш таймайды деген пікірдеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер