Шорнақ ауылының ажары ашылуда

Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқол қойған «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы ауылдықтардың еңсесін көтеріп тастағаны анық.

Screenshot_4.jpg

Бұған дейін де Мемлекет басшысы ауылдық жерлерді биліктің ұмыт қалдырып, соңғы жылдары тозып, тоқырағандығын сан мәрте тілге тиек еткен-ді. Сол үшінде Қ.К.Тоқаев алдағы уақытта ауылдарды барынша жаңғырту, кешенді дамыту туралы жауаптыларға арайы тапсырма берген еді. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауран ауданы құрылып, аудан орталығы – Шорнақ ауылдық округіне әкім болып Бердалы Баймұратов сайланды. Аудан құрылғалы Шорнақта кешенді бағдарлама жасалып, іс сол бойынша жүзеге асты. Әсіресе, көшелерді абаттандыру ғимараттардың қас беттерін әрлендіруге көңіл бөлініпті. Қысқы уақытта дайындалған кешенді перспективалық жоспарлар да жұртшылықтың ойынан шығып жатқаны белгілі болды. Әкімнің басты міндетінің бірі ауыл тұрғындарының өтініштеріне сергек қарау. Аудан әкімі ретінде бұл қағиданы мықтап түсінгендігі байқалды.

Аудан әкімі Шорнақтағы атқарылған және таяу болашақта атқарылуы тиіс мәселелерді қолмен қойғандай етіп түсіндіріп өтті. Мәселен аудан бойынша 2010 жылғы «Ауыз су» бағдарламасы бойынша елді мекендердің 99,2 пайызы сумен қамтылған. Алайда, арада 12 жыл өткенде су проблемасы алдымыздан қайта шығып отыр. Себебі сол кезде салынған құбырлар көнерген. 2012 жылы құрылған «Түркістан су» кәсіпорны елден судың ақысын сұрамады. Банкротқа ұшырап, өзін-өзі жапты. Кентаудағы «Ащысай су» кәсіпорны да осы жағдайдың кебін киді. Қазір «Сауран су» кәсіпорны халықтың өздері тұтынған ауыз суына ақы төлемендігінен 70 миллион теңге мемлекетке қарыз. Себебі, «судың да сұрауы бар. Су беруге қызмет көрсететін кәсіпорынның жабдықтарын жөндеуге, қызметкерлеріне жалақы төлеуге жұмсалатын ақша жұртшылықтан жиналуы тиіс. Шорнақ, Аша, Қосмезгіл ауылдарында тәулік бойы ауыз су келіп тұруы тиіс.

Шорнақ толығымен жарықтандырылды. 2023 жылы Аша мен Қосмезгіл ауылдары толығымен жарықтандырылады.

Шорнаққа газ беріліп, тұрғындардың есігінің алдына дейін жеткізілді.

Аудан орталығында 700 миллион теңгеге асфальт жолдар, аяқжолдар салынды. Аялдамалар қалыпқа келтірілді.

Жолаушылар жолы, халықты ішкі тасымалдау толыққанды қарастырылмаған. Мәселен, Бабайқорған-Шорнақ-Түркістан, Майдантал-Шорнақ-Түркістан және Аша мен Қосмезгіл арасында автобустар бағдарын ұйымдастыру таяу арада шешілетін болады. Ол мәселе аудан әкімінің басты бақылауында тұр.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер