Сүт және сүт өнімін өндіру, басқа-басқа қазақтың қолынан келетін шаруа. Ырзығын ата кәсіптен тапқан қазақ сүт өңдеудің технологиясын байырдан-ақ білген. Десе де қазір бұл қолмен атқаратын тірлік емес.Алайда мал ұстап, төскейде түлік түлеткен ауылдықтардың қолынан келсе сүт өнімін өңдейтін шағын болса да цех ашып алуы заман талабы.
Негізінде Ескі Иқанда сүт өндірісі тәп-тәуір жолға қойылған. Бүгінде Ескі Иқан ауылдық округінде сүт өңдейтін цех бар. Ол «Тұран» шаруа қожалығына тиесілі цех. Ауыдық округте сүт өңдейтін цехтің іске қосылғанына 5-6 жыл болған. Бүгінде бұл цех сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады.
Кәсіп көзін тапқан жаңға қашан да мемлекет қодау білдіріп келеді. Бұл салаға да мемлекеттік қаржылық қолдаудың шапағаты тиген. Атап айтсақ, сары май мен ірімшік өндірісіне мемлекеттен қолдау көрсетіліп отыр.
Аймақтағы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы жүзеге асатын, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге қатысты бағдарлама бар. Сол бағдарламаға орай «Тұран» шаруа қожалығы да ұнтақ шығаратын желіні қалыптастырды. Қожалық кәсіпкерлікке берілетін өажылай қолдауда 43 миллион теңгенің грантын жеңіп алды. 2019 жылы іске қосылғаннан бастап сүттен жасалатын өнімдердің сан түрін шығарып келеді.
Мәселен 10 литр сүттен 1 келі ұнтақ шығарады. Жаздыгүні сүт көп кезде ұнтақ әзірлеуге жұмыс істейді. Нәтижесінде қыстыгүні сүт азайғанда жұртшылық ұнтақ пайдаланады. Ұнтақтың келісі де халық тұтынатын тауар бағасына сәйкес.
Бұған қоса Ескі Иқан ауылдық округінде жылына 1200 тонна сүт өңдейтін цех та іске қосылған. Мұнда балмұздақ шығаратын кәсіпорын да бар. Кәсіпорын 6 ай жұмыс істейді. Сәуір айынан қазан айына дейін. Жылына 300 тонна балмұздақ өндіреді. Цехтың екінші желісін іске қосып, балмұздақтан бөлек сүт, айран, йогурт, т.б. өнімдерді шығару жөнінде ұсыныс жасалып, бүгінде кәсіпорын осы салада бағын сынап жатыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 7 пайызын төлеп беретіндіктерін айтқан. Кәсіпорын мақсаты – тауарымызды шикізат күйінде сата бермей, қайта өңдейтін кәсіпорындарды көбейту. Себебі шикізатты неғұрлым қайта өңдеген сайын оның бағасы көтеріңкі болады. Қаншама адам жұмыспен қамтылады. Жалпы Ескі Иқандағы кәсіп иелері заман көшінен қалмай жұмыстың сан түрін тауып, ізденіп келеді.