Адам денсаулығы басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыруға, науқастарға арналған орындар қорын 50 пайызға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деген болатын.

Screenshot_7.jpg

Жалпы Сауран ауданында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында көптеген қадау-қадау шаруалар атқарылуда. Халқымыздың «Бірінші байлық – денсаулық» деуі тегін емес. Қазіргі таңда еліміздің барлық азаматтары басқа аймақтарға емделуге, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарға баруға, жоғары мамандандырылған көмек алуға, оның ішінде мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік алды.

Негізінде Сауран ауданы бойынша - 2 емхана, 13 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік акушерлік бекет, 4 медициналық бекет бар. Аудан бойынша денсаулық саласында жалпы саны – 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Ауданы бойынша емханаға тіркелген халық саны – 82 мыңнан асады. Тіркелген халық ішінен емханада диспансерлік бақылуда тұратын науқастар саны – 15 мыңғажуық. Ауру түрлері бойынша тоқталатын болсақ, туберкулез аурушаңдығы бойынша есепте тұратын науқастар саны – 26, вирустық инфекциялық аурулар жұқтыратын науқастар саны – 185, онкологиялық аурулар – 73, қан аурулары – 33, қан аздық – 1171, эндокриндік жүйке аурулары – 1230, орталық нерв жүйесі ауралары – 20, көз аурулары – 10, жүрек қан айналым жүйесі аурулары – 10068, жоғары тыныс жолдары және бронх-өкпе аурулары – 611, асқорыту ағзаларының аурулары – 862, тері аурулары – 16, омыртқа, сүйек буын аурулары – 292, несеп шығару ағзаларының аурулары – 623, туа біткен ақаумен ауыратын науқастар – 167, жарақаттан кейінгі тірек қимыл жүйесі аурулары – 6, көптік жарақатымен сырқаттанатындар психикалық ауытқуы бар науқастар – 479 құрайды. Аталмыш науқастармен аудандағы ақ халаттылар жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның арқасында емделушілер тарапынан түскен шағым жоқ.

Дәрігерлердің науқастарды қабылдауын және қызмет сапасын арттыру мақсатында ақпараттық жүйелермен тиімді жұмыс жасау үшін интернет жылдамдығын көбейтіп, компьютерлермен қамтамасыз етуге жұмыс жасалуда. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында апта сайын ішінара семинар сабақтары өкізіліп келеді. Бұнымен қоса, республикалық маңызы бар қалаларға оқуға жіберу жоспарлануда. Жыл соңына дейін 61 маманды оқытуға жоспарда бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер