Көгілдір отын көптің тілегі

Елімізде көгілдір отынның келуін тағатсыздана күткен елді мекендер көп. Өйткені ауылдықтардың газ тұтынуы бір жағынан экологияны ластамауға септігін тигізер пайдасы болса, екіншіден бұл ауыл тұрғындарының күйелеш-күйелеш болып, пеш жағып жүру машақатынан құтқарады.

Сонымен қатар қатты отынға қарағанджа көгілдір отын тұтыну сол өңірдің экономикасының дамуына да септігін тигізеді. Бүгінде жаңадан құрылған Сауран ауданы елді мекендерді барынша газдандыруға күш салуда. Мұнда «ауылға газ кіреді деген қуанышты хабардың ауылы алыс емес» деп отырған елді мекен тұрғындары жетерлік. 

Сауран ауданында көптен күткен көгілдір отынмен қауышып, оның игілігін көре бастаған бірқатар ауылдар бар. Табиғи газ жүйесіне қосылған Үшқайық ауылдық округі тұрғындарының қуанышында шек жоқ. 4 мың халқы бар Теке елді-мекенінен басталған газ беру жұмыстары «Жалаңтөс», «С.Қожанов, «Нұртас» елді-мекендерінде жалғасын тапты.

Тұрғындар қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Ғани Рысбеков табиғи газға қосылу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды екенін атап өткен болатын. «Жаңа ауданымызға табиғи газ қосу жұмыстары Үшқайық ауылдық округінен бастау алуда. Біз ендігі кезекте қалған ауылдық округтерге көгілдір отын беру үшін тиісті барлық жұмыстарды атқаратын боламыз. Біз үшін тұрғындардың өмір қауіпсіздігі бірінші кезекте. Сондықтан да тұрғындарға көгілдір отынды газ беруші мекеменің арнайы рұқсатымен және мамандарының қатысуымен қосу қажет», – дейді Ғани Рысбеков.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамай газ жүйесіне өздігінен қосылу өмірге қауіпті. Осы ретте «ҚазТрансГаз» қызметкерлері елді-мекен тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Ал «Үшқайық ауылдық округіне табиғи газ Түркістан қаласындағы автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ елді-мекендегі барлық көшелерге газ құбырларын тарту жұмыстарын жүргізді. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігерлермен келісім-шартқа тұрып, құжаттары түгелденгеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады», - деді «ҚазТрансГаз»АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбеков.

Ауылдық округ тұрғындары табиғи газ жүйесіне қосылғанына қуанышты екенін білдіріп, алғыстарын айтты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер