Ауыл тұрғындары сапалы ауыз су тұтынуда

Елімізде осы күнге дейін ауыз су құбыры тартылмаған елді мекендер жетерлік. Дегенмен Үкімет сапалы суға зар болып отырған ауылдықтардың мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін кезінде «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту» деген секілді тағы да басқа бағдарламалар қабылдау арқылы түйіткілді біртіндеп болса да тарқатуда. 

Screenshot_6.jpg

Мәселен Сауран ауданында 4 елді мекенге әлі су құбыры кіргізілмеген. Бұның сыры неде? Біз осы мәселеге назар аударған едік. Жалпы аталған аудан құрамында 35 елді мекен бар болса, соның төртеуінен басқасы тәуелсіздік жылдары тіршілік  нәрімен қауышқан. Олардың ең соңғысына осыдан үш жыл бұрын ауыз су құбыры тартылған екен. Нақты айтқанда, 2009 жылдан бастап он жыл бойы ол елді мекендерге Түркістан мен Кентау қаласының әкімдігі тарапынан ауыз су кіргізілген. Осылайша орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші қазір 99,6 пайызды құрапты. Елді мекендер бойынша бұл көрсеткіш – 88,5 пайыз.

Негізінде Сауран ауданы бойынша Егізқара, Қаратөбе, 32-разъезд аудан орталығынан тым қашық орналасқан елді мекендер. Себебі кезінде ұлт болашағын ойлаған ел ағалары иен даламызды сырт көз «иесіз жатыр» демес үшін сайын даламызды малға толтырып, жерін игеру мақсатында осы тектес елді мекендерді құрған. Тұрғын үйлері бір-бірінен алыс орналасқан және ауылдық округ орталығынан алыс орналасқан аталған ауылдардың ауыз сумен қамтылмай қалуының сыры осы. Турасын айтқанда, тұрғын үй саны және халық санының жеткіліксіз болуына байланысты экономикалық жағынан тиімсіз деп саналып, ауыз су құбыры жүргізілмеген.

– Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ойық елді-мекенінің тұрғындарын сапалы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді-мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Сметалық құжаттаманы түзету» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылдың 1 наурызы күні №ГНЭ-0001/22 сараптаманың оң қорытындысын алған.

Сонымен қатар, 6 елді-мекеннің ауыз су жүйелеріне орташа жөндеу жұмыстары қазір өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ол үшін мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Оның жалпы құны – 143,203 миллион теңгені құрап отыр, – дейді аудан әкімі Ғ.Рысбеков.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер