Ауылдарда жол жөнделіп, ауыз су берілуде

Мемлекет басшысы әкімдерге халықпен жиі кездесуді тапсырғаны есте. Осыған сәйкес, Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков ауылдық округ тұрғындарымен жиі кездесу өткізуде. Кезекті кездесудің бірі – Қарашық және Жүйнек ауылдық округінде өткен. Онда тұрғындардың көкейінде жүрген бірқатар мәселелар қаузалды.

Screenshot_7.jpg

Кездесуде аудан әкімі Қарашық ауылдық округінде жеке қаражат есебінен өткен жылы-ақ 890,0 миллион теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарланып, сол жылы спорт мектебі мен бастауыш мектеп-балабақша кешені сияқты 2 нысанның құрылыс жұмыстарымен қатар құжаттандыру жұмыстары толық аяқталып, өз жұмысын бастағанын тілге тиек еткен еді. Қазір сол жобалар орындалып отыр. Бұл ауданға тартылған көлемі 640,0 миллион теңге инвестицияның және 2022 жылы тағы да бір құны 370,0 миллион теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаның жемісі.

Қарашытықтардың негізгі мәселесінің бірі жол еді. Қазір аталмыш ауылдық округті басып өтетін облыстық маңызы бар «Түркістан-Қарашық-Қарнақ» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Құмтүйін елдімекенінің тұрғындары ның тілегі сапалы ауыз су. «Қарашық ауылдық округіне қарасты бұл Құмтүйін елді-мекенінен ауыз су ұңғымасын қазуға Кентау қаласы әкімдігі тарапынан толық 42 миллион теңге қаржы қаралып, 370 метр ұңғыма қазылған болатын. Әрі «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жерасты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін-ді. Аудан әкімінің назарында болғандықтан жерасты су қорын анықтау, ұңғыманы тиісті тереңдікте қазу жұмыстары қазір жүйелі атқарылған.

Сонымен қатар, қос елді мекенді сапалы электр жүйелерімен қамтамасыз ету жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласына тоқталған аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, Қарашық ауылдық округі бойынша бұрнағы жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар соммасы 197,26 миллион теңгені құраған. Бұдан бөлек, Қарашық ауылдық округінде осы жылы жалпы құны 300 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылыпты.

«Қарашық ауылдық округі облыс орталығына жақын орналасқандықтан болашақта егістік жерлер тарылуы мүмкін. Сол себептен заманауи үлгідегі жаңбырлатып суару, тамшылатып суару сияқты жаңа әдістерді қолға алған ең ұтымды мәселе.

– Ауыл шаруашылығы саласы ауданымыздағы ең маңызды сала болғандықтан, біз шаруаларға барынша жағдай жасаймыз. Мемлекет тарапынан да субсидияларды шаруаларға қол жетімді ету әрекеттері жасалып жатыр. Мал шаруашылығына тоқталатын болсақ, ауыл айналасындағы жайылым жерлерді ортақ жайылымға қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтқым келеді», – дейді аудан әкімі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер