Дамыған мемлекеттердің халқының жақсы жағдайда тұрмыс кешетінін, мемлекетінің шын мәнінде әлеуеті жоғары екенін, олардың қала тұрмақ ауылдық жерінің өзінде салынған жолы тақтайдай тегіс, әрбір елді мекеннің ауыз сумен қамтылдып, көгілдір отын тұтынып отырғанынан-ақ аңғаруға болады.
Негізінде біздің мемлекетіміз әлеуметтік-эконмикалық қуаты енді-енді қалыптасып келе жатқан дамушы ел. Елді мекенге жаппай газ тарту ісі Қазақстан да осыдан осыдан 5-6 жыл бұрын қолға алынғанымен, ауылдықтардың тегіс көгілдір отын тұна алмай отырғанының себебі осында. Кейбір ауылдар бір-бірінен тым қашық орналасқандықтан инфра құрылым жүргізу ісі қымбатқа түссе, бұл да қолбайлау болатыны анық. Әйтсе де әрбір ауылдық округтер мен ондағы әлеуметтік нысандарға көгілдір тоын кіргізуге соңғы уақытта баса мән берілуде. Алдымен газ тартылуы тиіс ауылдағы халықтың нақты саны анықталып, оның ішінде газға қосылуға қиналып отырған отбасыларға зерделеу жұмыстарын жүргізу, бұхараға бар жағдайды жасап бағуға тырысып отырған ауданның бірі – Сауран ауданы.
Биыл бұл аудан бірқатар елді мекенді газға қосты. Үшқайық ауылдық округі Теке елді-мекеніне газ берілді. Одан бөлек, мамыр айында ауылдық округтегі 3 елді-мекен газға қосылған болатын. Қазіргі таңға, табиғи газ құбырымен Ескі Иқан (толығымен), Жаңа Иқан (Ибата, Ойық), Шаға (Бершін төбе, Шаға, Ынтымақ) ауыл округтері қамтылған. Осыдан біршама уақыт бұрын «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы мен «ИнтерГаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының нысанға берілген кемшіліктерін мердігер мекеме өз есебінен толығымен қалпына келтіргенін айта кетуіміз керек. Атқарушы техникалық құжаттары (ИТД) алынғанына, газ беріліп үлгерді. Бұған «ҚазТрансГаз» акционрлік қоғамы тарапынан аталған 11 елді-мекенге газ кіргізуге берілген көмегі, «ИнтерГаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына ықпал жасауы сепбеп болды. Осы мекемелер елді- мекендерге газ беруде жүйелі жұмыс жасап жатқанын да айта кету ләзім.
Жалп 2022 жылы Сауран ауданына қарасты Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Ораңғай елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге жобалау-сметалық құжаттамалары «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» ұсынылған болатын. Жалпы құны 6 775,652 миллион теңгені құрайтын бұл жобаларды жүзеге асыру бүгінде шешімін тапқан.
Шорнақ ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Ал, қалған 6 ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қажетті сәулет-жоспарлау тапсырмасын (АПЗ) дайындалып, ЖСҚ-ын дайындауға бюджеттен – 393,103 миллион теңге бөлу қарастырылуда.