Әлеуметтік көмек тұрақты берілуде

Қазіргі таңда Сауран ауданында 7338 зейнеткер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері екеу. Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер саны – 135, тыл еңбеккерлері - 315 болып отыр. 

Screenshot_8.jpg

Ауданымызда көп балалы аналар саны - 7117. Оның ішінде, алтын алқа иелері - 535, күміс алқа иелері - 1743, батыр ана - 144. Бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар саны - 276-ны құрайды. 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны - 4419.

Сауран ауданы бойынша мүгедектердің жалпы саны - 3315 адам. Оның ішінде, 1-топ-тағы мүгедектер – 270, 2-топтағы мүгедектер саны – 1226, 3-топтағы мүгедектер саны – 1197. 16 жасқа дейінгі ерекше қежеттілігі бар балалар саны – 531 болса, 18 жасқа дейінгі бала мүгедегі – 91.

Аудан деңгейінде 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге 400 жолдама бөлінген. Оның ішінде, «Ардагерлер» үйіне 200, «Мейір» ардагерлер үйіне 200 жолдамамен зейнеткерлер қамтылады. Ардагерлер демалыс орындарына қажетті мерзімде жолданған.

Мүгедектерге мемлекеттік қызмет «Е-собес» АЖ жұмыстары атқарылды. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсетілетін 110 мүгедек бала есепте тұрады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін есепте тіркелген мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдарға 252 мүгедектен өтініш түсіп, 220 мүгедекке құралдар берілді. Мұқтаж мүгедектерді жаңадан енгізілген техникалық көмекші құралдарға 211 мүгедектен өтініш түсіп, жартыжылдыққа дейін 160 мүгедекке құралдар берілді. Протез-ортопедиялық құралдарға мұқтаж 169 азаматтардың өтініші тіркелді. Тифлотехникалық құралға мұқтаж азаматтардан 98 өтініштер тіркеліп, 60 азамат 60 құрал түрімен қамтамасыз етілген болатын. Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 214 азаматтардан өтініш тіркеліп, 182 азамат жаз айына дейін жолдамамен қамтылды. Аудандық бюджеттен адам иммун тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 3 отбасыға баланы күтуге 74706 теңгеден барлығы 672,4 теңге ай сайынғы жәрдемақы төленді.

Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның кезекті мәжілісі өткізілді.

Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы №66 шешіміне сәйкес 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, 2606 көпбалалы анаға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 15 964 356 теңге бір реттік әлеуметтік төлем жүргізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер