Ерікті жастардың еңбегі зор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру», – маңызды міндет» деген болатын.

Screenshot_20.jpg

Үшқайық ауылдық округінде белсенді жастар жетерлік. Олар «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша Теке елді мекенінің орталығындағы спорт кешені ғимараты аумағына салынған футбол алаңшасын тұрақты пайдалануда.Бұл спорттық нысанның сметалық құны 8 миллион 926 мың 34 теңгеге бағаланған. Конкурс жарияяланғанда «Шыңырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4994,0 мың теңгеге жеңімпаз болып танылып, жұмыстар сапаға сай орындалды.

Қазіргі қара күз келіп, қыр астынан қыс қылаң берсе де күн жылымық уақытта осы футбол алаңшасында апта сайын тартысты ойындар өткізілуде. Бір жолы Үшқайық ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шалаевтың жүлдесі үшін 2009-2010 жылдары туған балалар арасында турнир өткізілген еді. Оған көршілес Кентау қаласынан да командалар қатысты. Футбол бапкері Қайтпас Шалаевтың айтуынша бұл алаңды арзан бағаға салуға ауыл жастары да құлшына кіріскен екен.

Жылда мектеп бітірушілер өздер оқыған мектептеріне барынша қол ұшын беріп отырады. Өткен жылы С.Қожанов ауылындағы Қарасай Қасымханов ақсақалдың 1957 жылы өз қолымен тұрғызған үйінің тозығы жетіп, төбесі опырылып ортасына түскенде, ауыл жастары түгелдей атсалысып бірнеше айда жаңа үйге кіргізді. Бес баласы бар қызы Ақтолқын ауылдастарына газет арқылы алғысын жеткізді. Жаңа үйді салып алуға үлес қосқан барша ауылдастарыма, әсіресе, жастарға алғысым шексіз.

Мұндай жастарға Үшқайық және Иассы ауылдық округтерінен Сауран ауданының депутаты болып сайланған Нұржан Жүсіпбев үлгі өнеге көрсетуде. Ол 1- маусым Балаларды қорғау күні Теке елді-мекеніндегі 8 кемтар балаға киім-кешек пен керекті заттарын алып берген еді. Одан кейін тұрмысы төмен он отбасына азық-түлік таратып берді.

Осындай қайырымды іс-шарадан кәсіпкер Дилбар Шалбаева да қалыс қалмады. Ол да тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік таратып берген еді. Дилбар Шалбаева мен Қазтай Шалтаев әке жолымен «Тастай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, он жыл бойына ірі қара мал баққан. Әкесі Жұмаділла Шалтаев ауылдың малын қырық жыл бойы баққан екен. Міне, сол әкесінің таяғын ұстап қалған Қазтай шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ауылдастары мен қонақтарына арналған заманауи «Ақсу моншасын» асханасымен бірге ашты. Қазіргі кезде Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбеден ат арылтып келіп жатқандар сол жерге тоқтайды. Соған орай, көпшілік сұранысына жайлы қонақүй салуды қазір жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда ауыл жастарының спортқа, волонтерлықпен айналысуға бетұрысы жоғары. Олар жаңадан құрылған ауданның аяққа трып кетуіне осылайша үлес қосып жүр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер