Сауран ауданында 2024 жылы 4 мектеп бой көтереді

Елімізде 2025 жылға қарай 840 мыңнан астам жаңа оқушылық орын ашылады. Ол мектептердің барлығы бірегей архитектуралық стильде тұрғызылады және жаңа құрылыс стандарттарына сай салынады. Олардың бәрі бірдей болмаса да, көпшілігі таза қазақ мектебі болады деп күтіледі. 

Screenshot_25.jpg

Бұл жаңа мектептердің бәрінің құрылысын бір ұйым үйлестіреді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Президент тапсырмасымен, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы осы орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі Бірыңғай оператор ретінде айқындалды.

Сауран ауданы Адами әлеуетті басқару бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекованың айтуынша, бөлімге қарасты 46 жалпы және негізгі орта білім беру мекемесі бар болса, аталған орта білім беру мекемелерінің 34-нің ғимараты типтік талапқа сай салынған. Ал, 8-нің ғимараты ыңғайластырылған.

Аудан бойынша демографиялық өсімнің артуына орай, бала санының тез өсуіне байланысты үш ауысымға өту қауіпі бар мектептер көбейіп келеді. Оның ішінде Т.Айтжанов, Ескі Иқан, С.Қожанов, Шобанақ, Абай жалпы орта мектептерінің жағдайы ойландырады.

Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 19 мектеп жұмыс жасайды. Соның ішінде 6 мектептің жобалық сметалық құжаттамаларын дайындау үшін мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурсқа қойылды. Сонымен қатар Қарашық, Құмтүйін, Майдантал жалпы орта мектептері апатты жағдайда тұр. Осы мәселеге қатысты да тиісті құзырлы мекемелер жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда Қос-Мезгіл елді мекенінен 300 орындықты мектеп құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Алдағы уақытта ауданымызда 2024 жылы 600 орындықты 4 мектеп (Қарашық, Шобанақ, Құмтүйін) 300 орындықты бір мектеп С.Қожанов ғимараттары бой көтереді.

Оқу-ағарту министрі Жолдауда Мемлекет басшысы жемқорлықтан тәркіленген қаражатты мектеп салуға жұмсауға тапсырма бергенін еске салды. Оның мәліметінше, бұл мәселе бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленді, осы бағытта жұмыс қолға алынып жатыр. Ол жақтан да миллиардтар ағындайтыны белгілі болып отыр. Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің хабарлауынша, биылғы 5 ай ішінде 630 миллиард теңгенің заңсыз әкетілген активтері мемлекетке қайтарылды.

«Қылмыстық істерді тергеп-тексерудің және монополиясыздандыру жұмыстарының аясында мемлекетке шамамен 595 млрд теңге өтелді. Антикор алыс шет елдерден шамамен 230 млн доллар тұратын зергерлік бұйымдарды қайтара алды», – деп нақтылады ол.

Ел Президенті «тарихи» құрылыс көрігін қыздыратын тағы бір табыс көзін атаған. Мұны Үкімет басшысы Әлихан Смайылов растап отыр. Ол қараша айында коррупционерлерден кәмпескеленген ақша мектеп құрылысына бағыттала бастайтынын жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат мектептер мен оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда республика бойынша 100 млрд теңге туралы сөз болып отыр. Қаражат бөлу қараша айында басталады», – деді Премьер-Министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер