Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір

«Кітапхана деген білімнің қайнары ғой шіркін. Қолым боста отыра қалып кітап оқимын. Қоғамдық жұмыстарға араласамын. Менің тұрақты оқырманым сол ақсақалдар мен ауыл жастары болды», - деп еске алады Сауран ауданы Орталықтандырылған кітапхана-лар жүйесінің директоры Қ.Нәлшеева.

Screenshot_26.jpg

Қай дәуірде де қоғамның мәдени өмірінің өткен тарихымызды өшірмей, ұлт жадын мәңгілік сақтайтын мекен болып есептеліп келеді. Кемеңгер жазушы  Әбіш Кекілбаев «Мен кітапханаларды ақыл – білім, адамгершілік, парасат- иман ордасы, кітапханашыларды  сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтардың ең жанкешті сақшылары санаймын», - деген екен. Міне, бұл кітапханашыларға берілген  әділ баға!

Кітапхана оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен  оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Қызығы мен қиындығы  мол кітапханашы мамандығы туралы  бір-ақ ауыз  сөзбен  жеткізу мүмкін емес. Қасиетті қазынаны көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар ең қажет, ең абыройлы мамандық иелері. 

-  Бүгінгі оқырманның талғамы биік, талабы жоғары. Бүгінгі өміріміз ақпаратқа толы. Иә, әсіресе кітапханашылар қауымы, бүкіл ақпараттың ортасында  отырғанда- өмір бойы ізденіс, рухани дүниені молайту - заман талабы болып қала бермек. Өйткені, ұлы ойшыл У.Черчильдің «Ақпаратқа кім бай болса, сол әлемді билейді» деген  қанатты сөзі бар. Ендеше  мәдениетті болу, оның белгілі сатысына табан тіреп, ілгері өрмелей беру  заманымыздың негізгі талабы. Өмір тоқтаусыз аққан өзен сияқты. Мұхитқа қарай ағылған өзен суының бастауы оның ағысына әсер етеді. Біздің де қызметіміз дамылсыз  сарқыраған өзен ағысының бастауы сияқты. Бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейде көтерілуі, яғни ашық ақпараттық кеңістікке өтуі, кітапханашылардың жаңа бағытқа жұмыс істеуін талап етеді, - дейді ол.

«Әл Фараби бабамыз «Адам мақсатына  өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген сөзі осы жайлардың айғағы. Кітапханашы  білімділік, әдептілік, көрегенділік, имандылық, кішіпейілдік, даналық, парасаттық мағынасында игі қасиеттерге ие. Кітапханашылардың 99 пайызы  әйел. Әйелдердің қай қоғамда да орны ерекше, белсенділігі  ерен. Елдің елдігін танытып, ұлттық руханиятымыздың дамуына үлес қосып жүр» дейді Сауран ауданы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қ.Нәлшеева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер