Ашық кітап көрмесі өтті

Жаңа Иқан ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлттық мәдени құндылықтарымызды сақтау, көтеру  мақсатында  қабылданған  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын  оқырманға  кеңінен насихаттау мақсатында ашық кітап көрмесі өтті. 

Screenshot_27.jpg

Көрмеге ауыл әкімшілік қызметкері К. Абдумавланова,  тарих пәні мұғалімі Ж.Абдухаллақов,  «Ақ көгершін»  балабақшасының  қызметкері  Г.Айтуғанова және оқырмандар қатысып, бағдарлама аясында өз ойларымен бөлісті.

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» мәселесі мен көптен бері толғандырып жүрген еді. Бағдарламалық мақалада айтылғандай  Отанды сүю - туған жерін сүюден басталады. Болашаққа нақты қадам басу үшін әрбір тұрғын,  жастар туған жерінің тарихын, оның атауының шығу тарихын жақсы білуі керек, - деді тарих пәні мұғалімі Ж.Абдухаллақов

«Ұлы даланың жеті қыры»  атты бағдарламалық мақаласында түп-тамырымызға, ұлттық болмысымызға терең барлау жасалып, тарихымыздың күрмеулі тұстары кеңінен қамтылып жазылуы көпшіліктің көкейіндегісін дөп басты. Н.Назарбаев бұл еңбегінде ұлы даланы, оны мекендеген халықтың арғы-бергі тарихын, салт-дәстүрі мен түрлі кезеңдердегі тұрмыс-тіршілігін, мәдени-рухани жауһарларын әсерлі баяндай отырып, Ұлы дала елінің ұлттық жетістіктерін айдай әлемге тағы да бір мәрте паш етті.

Біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ қоршаған ортамен етене өмір сүріп, ашық аспан астында талай мәдени мұралар қалдырған. Балбал тастарға адам, жартастарға үй жануарлары мен аң бейнелерін көркем етіп қашап жазып қалдырып отырған. Елімізде Аң стилі» өнерінің ежелден дамығаны еліміздің түкпір-түкпірінен табылып жатқан таңбалары тастарда айқын көрініс тауып, мәңгілікке бедерленіп қалғанын да жоққа шығара алмаймыз, - «Ақ көгершін»  балабақшасының  қызметкері  Г.Айтуғанова.  

Көрме 2 бөлімнен тұрды.  «Рухани жаңғыру — ой сананың кемелденуі» атты алғашқы бөлімде бағдарламаның мақсаты мен мұраты түсіндірілді. Ал, «Ұлы даланың  жеті кереметі» бөлімінде еліміздің рухани құндылықтары мен тарихи жәдігерлері айқындалды. Кітапханашы И.Шахайдарова  көрмені насихаттай отырып,  бірнеше кітапқа шолу жасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер