Келестегі жылыжай шыныдан жасалады

Screenshot_14.jpg

Келес өңірінде аумағы 500 гектарға жететін жылыжайды ресейлік «Экокультура» агноөнеркәсіп холдингі салуды жоспарлар отыр. Жоба кезең- кезеңімен 2025 жылға дейін іске асады. Жобалық құны 1,1 млрд долларды құрайтын жылыжай толықтай іске қосылса жылына 200 тонна өнім береді деген жорамал бар. Бірақ 500 гектар аумақты толық  қамту үшін әлі 6-7 жыл керек. Биыл инфрақұрылым мәселесін шешсе келесі жаздан бастап 15 гектарға тұқым себуді қолға алады. Одан кейін жыл сайын 100 гектардан өнім еге бастайды. Мұнда өндірілген қызанақ пен қиярдың 95 пайызы Ресей мен ТМД аумағына экспортталады. Ал тартылатын  он мыңға жуық жұмысшылар осы ауданнан қамтылады. Осы мәселені нақтылау үшін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен «Эко-культура» компаниясының директоры Александр Рудаков кездесу өткізді.

     Александр Рудаков жылыжайдың шыныдан салынатынын, өйткені шынының  жылу өткізгіштігі жақсы екенін айтты. Есептеулерінше, кешенге жылына 7 млн. текше метр су кетеді. Ол үлкен көлем. Сағатына жүз мың текше метр су керек. Жылыжайдың құрылысына голландиялық технология тартылады. Ал қажетті құралдардың бәрі Ресейден жеткізіледі. «Бізге қойылған негізгі талап– жергілікті бюджетке салық төлеп, халықты жұмыспен қамту. Маусымнан қазанға дейін өнім беретін біздің қызанақ пен қияр нарықта сұранысқа ие болса жұмысшылардың жалақысы да жоғарылайды. Облыс әкімдігі газ, су, энергия көзін қаржыландыруға көмектеседі. Өзімізбен бірге алғашқыда отызға жуық маман келеді. Бірден жергілікті жұмысшыларды Ресейдегі «Агроном» академиясына оқытамыз.  Жұмысшылар Ресейдегі біздің жылыжайларда 0,5-1 жыл жұмыс істеп үйренеді. Бізге мұндай ауқымды жобаға қатысуға «Kazakh Іnvest» ұлттық компаниясының басшылары көмектесті,- дейді А.Рудаков.  

–Жақсы жерді таңдағансыздар. Егер инфрақұрылым жүйесінің жүргізілуі  қиындық туғызса жер аумағын өзгертуге болады. Ал, сіз айтқандай шығыны бес есе аз болса онда бұл сауалды бір апта көлемінде шешеміз,- деді жиын барысында өңір басшысы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер