Түркістан облысы Сайрам ауданында жол ахуалы жақсарып келеді. Салаға жауапты мамандардың дерегінше өткен жылы аудандық бюджеттен қаралған 547,8 миллион теңгеге 60 ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, ауыл округі әкімдіктерінің есебінен ұзақтығы 13,8 шақырымды құрайтын 19 ішкі көше жолы орташа жөндеуден өткізіліпті. Сондай-ақ, тұрғындардың алаңдаған апатты жағдайдағы үш көпір жөнделген.
Өткен жылы Ақсукент ауылындағы «Ақсу-қалалық қоқыс орны- аудандық аурухана-темір жол вокзалы» бағытындағы 3,3 шақырымдық жол және Аққала ауылына кіре берістегі «Көксәйек-Шаян-Аққала-Сарқырама» автожолы күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстарға облыстық қазынадан 899,5 миллион теңге қаралған. Оған қоса аудандық маңызы бар алты жолға 246,6 млн.теңге қаржы бөлініп, 27,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар пайдалануға берілген.
Мамандар ағымдағы жылы да ауданда бірнеше жолдың жөнделіп жатқанын айтуда. Нысандар дер кезінде ел игілігіне берілетін болады.