Шымкент қаласындағы мәдени нысан – Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі 2001 жылы ашылған. Музей Қазақстан Республикасында саяси бағыттағы қуғын-сүргін тақырыбына арналған алғаш ашылған музейлердің бірі.
Шымкент қаласының емес, алты Алаштың тарихын дәріптеуде табанды еңбек етіп келе жатқан мекемеде қаншама жылдық ескерткіштер мен құжаттар түпнұсқа қалпында сақталып отыр. Өткен ғасырда саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз құрбан болғандарды мәңгі есте сақтау, өскелең ұрпақ санасына тарихымыздағы «ақтаңдақтардың» ақиқатын жеткізу, әділеттікті қалпына келтіру мақсатында ашылған музей сәулетімен де ерекше. Сыртқы сәулеті мен ішкі дизайнының құрылысында зобалаң жылдардың ақиқаты, қуғын-сүргінде жазықсыз жазаланғандардың тауқыметі бейнеленген. Музей «Экспозициялық», «Тағзым» және «Кино» залдардан тұрады. Ғимарттың экспозициялық залының ортасында «Репрессия» скульптуралық композициясы және қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескерлер. Патриот, ғалым, өнер иелері болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясы бар.
Еліміздің түкпір-түкпірінен репрессия құрбаны бол¬ған, сталиндік жүйенің езгісін көрген жан¬дардың ұрпақтары музейге жиі бас сұға¬ды. Шымкентті көруге келген шет елдік турис¬тер де музейді тамашалайды. Бұдан бөлек, музейге елі¬міз¬дің зиялы қауым өкілдері, мәдениет қай¬раткерлері келіп, тари¬хи құжаттар, деректермен танысқанды жөн көреді.
Бастапқыда музей қоры 2500-ге жуық экспонатпен ашылған болса, қазіргі таңда музей қорында 16 мыңнан аса экспонат жинақталды. Музей қорын толықтыру мақсатында аудандық, қалалық, облыстық және шетелдік архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, музей саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, қорларын толықтыр келеді. Музей жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, тарихшыларымен, алаштанушыларымен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізеді және аталған ЖОО студенттерінің қатысуымен көптеген іс-шарлар өткізеді. Алаш қайраткерлері мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының мерейтойларын атап өту мақсатында іс-шаралар, лекциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп тұрады.
– Алаш тұлғаларының ұрпақтары республикадағы үшінші мегаполиске соққанда, музейге соғып, ата-бабаларымыздың рухына құран бағыштайды. Арнайы ұйымдастырылған іс-шараларда қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарын шақырып, ұрпақ жадында қылдыруды мақсат етеміз.
Жуырда Т.Рысқұловтың ұрпағы – Ұлбосын Молдабекова, Есжанов Боранбайдың қыздары – Аян және Аят, Қожамұратов Ілиястың ұрпағы – Гүлбахира Момынова, Жайшыбаев Тәукебайдың қызы – Назира Жайшыбекова, Байталиев Аяпбергеннің ұрпағы Әмина Анатольевна арнайы шақыртылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары ата-бабаларының өмірін баяндайтын мекеменің көркеюіп жатқандарына қуанышты екенін жеткізді. Зобалаң жылдардағы тарихи деректер, оқиғалар жастарға танытуда да түрлі танымдық кездесулер өтеді.
Музейге келген жастар «Квест», «Quiz» интеллектуалдық ойындарна белсенді қатысып, қатысушыларға музей ұжымының атынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталады, - дейді
Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері Б.Нұрқұлова.
Қазіргі уақытта музей әлеуметтік желіні пайдалана отырып «Ұрпақтар еске алады», «Музей мұрағатынын», «Алаштың асыл арыстары» атты жобаларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, музей Түркістан облысының киелі жерлеріне 5 бағытта турлар ұйымдастыруда.