Мемлекеттік тілді тұрмыстық ғана емес, іскерлік мақсатта емін-еркін меңгеруі қажет

«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. 

Screenshot_4.jpg

Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық» деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Бүгінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде түрлі бағдарламалар бар. Соңғы уақытта қазақ тілін үйретуде сандық технологияларды пайдалана отырып, веб-оқулықты қолдану, түрлі мобильдік қосымшалардың көмегімен онлайн курстар арқылы тіл үйренушілер қатары артып келеді. 

Еліміздегі жұмысшы мамандықтарды даярлайтын оқу орындарында білім алушыларға қазақ тілін оқытудың жаңаша тәсілдеріне енгізуде. Мемлекеттік тілді тұрмыстық ғана емес, іскерлік мақсатта емін-еркін меңгеруі қажет , дейді тіл маманы Қарлығаш Үсенқұлова.

«Тіл білу -- бәсекеге қабілетті сапалы кадрлар даярлаудың алғышарттарының бірі екені даусыз. Колледждерде мемлекетті тілді оқытып-үйрету -- ондағы түлектерді Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында жұмыс істеуге даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ондағы студенттердің тіл білу деңгейі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіби және қоғамдық жұмысты табысты жүргізудің деңгейіне лайықты болуы керек.

Менің сабақ берудегі басты міндеттерімнің бірі -- өз студенттерімнің қазақ тілін оқып-үйренуге деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын арттырып, олардың тұлға ретінде және кәсіби жағынан қалыптасуына оң ықпал ету болып табылады. Қазақ тілін оқып-үйренудің мотивациясы ретінде студенттердің кәсіби қызығушылығының артуына оң ықпал ететін болады. Олар өзінің еңбек жолында жоғары жетістіктерге жету үшін білімді де білікті маман болып жетілуі керек. Заманауи маман кәсіби салада өзінің жоғары біліктілігімен көпұлтты ортада жұмыс істеуге даяр болу қажет. Қазіргі таңда кәсіби-техникалық саланың мамандарын даярлайтын оқу орындарында «Қазақ тілі» пәні жүйелі түрде оқытылып отыр. Бұл пәннің басты мақсаты -- студенттердің тұлғалық және кәсіби жағынан қалыптасуына оң ықпал ететін коммуникативтік компетенциясын (тілдік, әлеуметтік-мәдени) дамытуға көмектесу болып табылады, - дейді М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің оқытушысы Қарлығаш Үсенқұлова.

Ұстаз «Қазақ тілі» пәні біздің Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде де жүйелі түрде оқыталады дейді. - Заманауи маман өзінің күнделікті өмірінде және кәсіби қызметінде тілдерді тұрмыстық деңгейде ғана емес, іскерлік мақсатта да емін-еркін меңгеруі қажет. Сан алуан мамандық бойынша оқитын студенттер теориялық білімін тереңдетіп, өз саласына қажетті терминологияны, іскерлік құрылымы туралы мәліметтерді меңгеретін болады. Өз тәжірибемде сабақты дәстүрлі қалыптан тыс жүргізіп, рөлдік ойындар, қызғылықты лекциялар, пікірталастар, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терминологиялық диктанттар жазуды ұйымдастырамын. Мәтіндермен жұмыс істеп, лексиканы меңгеруге үндеймін. Мұндай сабақтар студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, көзқарасын кеңейтіп, танымдық қызметін дамытуға оң ықпал ететін болады. Оқу барысының нәтижесі бойынша студенттер грамматиканы, сөйлем құрау жөніндегі стилистиканы, лексикалық материалды қолданудың ерекшеліктерін оқып-үйренетін болады. Осы пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың жетіспеушілігіне байланысты туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін жаңа озық әдістерді қолдануға талпынамын, дегенді алға тартты.

Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Қорыта айтқанда, педагогикалық ғылым мен тәжірибе ұштасқанда біздің ұтарымыз көп болмақ..

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер