Даңқты суретші есімі ұлықталды

Қазақстанның тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойы аясында А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Шымкент қалалық филиалының қолдауымен үш бөлімнен тұратын «Әбілхан Қастеев: Ғасыр мұрасы» атты мерейтойлық байқаудың қорытынды шарасы өткізілді. 

Screenshot_10.jpg

Байқауға «Оқушылар сарайы» студияларының, ЮНЕСКО клубы балалар өнер мектебі, «Солнышко» атындағы көркемсурет студиясы, «Данышпандар академиясы» көркемсурет студиясы атындағы өнер және дизайн колледжінің суретшілері қатысты. Ә.Қастеев кескіндеме, графика, аралас техника, коллаж, сәндік-қолданбалы өнер, сандық кескіндеме номинациялары бойынша төрт жас тобы бойынша өзіндік шығармашылық жұмыстарымен: 10-12 жас; 13-15 жас; 16-18 жас; 19-21 жас аралығында талапкерлер қатысты, сондай-ақ қолөнер шеберлерінің бұйымдары, «Бал текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі қала тұрғындарына ұсынылды. Бір ай ішінде тұңғыш суретшінің картиналары мен фотосуреттерін зерделеген жас таланттар ұстаздарының жетекшілігімен берілген тақырыптар бойынша 100-ден астам шығармашылық жұмыс жасады. Олар «Әбілхан Қастеев шығармашылығы негізіндегі пейзаж» және «Әбілхан Қастеев портреті» оның картиналарының заманауи нұсқасын салып, өз еңбектерін ұсынған болатын. Осы ұйымдастырылған мерейтойлық іс-шара аясында қаламыздың өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан кәсіби суретшілерімен кездесулер, жас суретшілерге арналған шеберлік сабағында Ә.Қастеевтің атақты «Түрксіб» картинасын 48 пазыл арқылы бейнелеп 1,5-2 м. көлемінде үлкен картина құрастылып, дрон арқылы түсірілді. Қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық жұмыстары байқауы қорытындыланып, финалистері іріктеліп, марапатталды. 

Осы тұста қосымша ақпарат бере кетсек Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956) болды.

Интернет иірімдеріне сүңгіп ол кісі жайында деректер іздестірсек, суретші еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастапты. Москвадағы көркемсурет студияла-рында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген талант иесі болған.

Жалпы Әбілхан Қастеев қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді.

Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), "Қашпағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

Тағы бір қызық дерек туралы айтсақ 1927 жылы Ә. Қастеев Түрксіб құрылысына келеді. Бірақ сурет салуын тоқтатпады. Суретшілер туралы да, кәсіби сауаттылықты үйрену мүмкіндігі туралы да ештеңе білмей, ол қалай көрді солай сала берді және мүмкіндігінше көп сурет салды. Оның сурет салуға бейімділігін құрылыс саласының басшылығы байқап, дарынды жігітті Алматыға оқуға жіберді.

Сол кезде қалада реалист суретші Николай Хлудов жұмыс істеді. Оның студиясында Әбілхан бояулармен және кенептермен жұмыс жасау, кескіндеме негіздері бойынша алғашқы білім мен дағдылар алды, классиктердің шығармашылығымен танысты. Бұл оның тағдырын түпкілікті анықтады. Ол өз таңдауын жасады, суретші боламын деп шешім қабылдады.

Әбілхан Қастеев Мәскеуге екі рет оқуға жіберілді, бірақ жағдайлар оған елордада кәсіптік білім алуға мүмкіндік бермеді. Ол әрине қатты өкінді. Дегенмен, оны сурет салумен үстірт айналысты деп айтуға болмайды. Әбілхан өте дарынды және еңбекқор еді. Алматыға оралып, суретші ретінде жұмыс істей бастады.

Ә. Қастеевтің алғашқы шығармашылығындағы ең үздік жетістігі портрет болды. Ол осы жанрда жасаған туындылары суретшінің жоғары шеберлігін көрсетеді. Олардың түпнұсқаға ұқсастығын ғана емес, сонымен қоса бейнеленген кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне терең үңілуін де көрсетеді. Уақыт өте келе суреттердің тақырыбы айтарлықтай кеңейеді. Ол тарихи тақырыптарда, жанрлық туындыларда көптеген кенептер жасайды. Оның еңбектерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік, жүрегіне жақын адамдарға деген құрмет, адам өмірінің қарапайым көріністеріне деген қызығушылық байқалады.

1937 жылы ол суретшілер Одағына қабылданды. Ал 1942 жылы Алматыда Әбілханның алғашқы жеке көрмесі өтті. Оның барлық өнері рухы, мазмұны және дүниетанымы жағынан ұлттық нақышта болды, сондықтан 1944 жылы ол «Қазақ КСР Халық суретшісі» атағына ие болды.

Ә. Қастеев - нақты сюжетті суреттер салуға дағдыланған суретшілердің бірі. Ол көп саяхаттады, эскиздер, сюжеттік суреттемелер жасады. 1956-60-шы жылдары суретші «Қазақстан жерінде» атты акварельдер сериясын жасайды. Бұл серияға теміртаулықтарға өте жақын «Теміртаудағы бөгет» туындысы кіреді, өйткені ол біздің қаламызға арналған. Бұл индустриалды ландшафт, алдыңғы қатарда бөгет, ал алыста металлургия зауыты және Самарқанд су қоймасының айнасы бейнеленген. Соншалықты жақын, танымал жерлер.

Өз өмірінде Ә. Қастеев көптеген туындылар жасады. Оның өнері үздіксіз дамыды. Өмірінде шығармашылық үзілістердің болған кездерін атап өту мүмкін емес. Ерекше еңбекқор адам болды. Қазір Ә. Қастеевтің шығармалары оның есімімен аталатын өнер музейінде жинақталған. Ол қазақ бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосқан бірегей тұлға, дарынды суретші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқыма тоқудың пайдасы мол
  • «Молда Мұсаның әдеби мұрасы»
  • Көрерменге ой салған «Ақ кеме» премьерасы
  • Көксерек әңгімесін талқылады
  • «Бір қала - бір кітап»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер