2 805 адам түрлі қоғамдық жұмыстарға жолданған

Screenshot_17.png

Шымкентта жыл басынан бері 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмыстарға жолданған. Сөйтіп межелеген жоспар артығымен орындалыпты. Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан азаматтар қызметін қалай атқаруда?

Шаһарда жастар практикасы бағытында уақытша жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Жұлдызай Жамал. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетін бастауыш пәні мамандығы бойынша тәмамдаған.   Жоғары оқу орнын бітірген жас маман былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркелген.Көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданды.

«Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мол. Оқу бітірген соң мамандығым бойынша «Жастар пратикасы», одан соң қазір «қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа орналастым. Жинаған тәжірибенің арқасында алдағы уақытта тұрақты жұмыс табатыныма сенімдімін»,- дейді жасмаман.

Бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, биыл ақпан айында аталған білім ұясында бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылып, тәжірибе жинақтауда.

Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды қажет етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.  Бағдарлама  аясында жұмыс орны мамандыққа әрі еңбек өтіліне байланысты талап қоймайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Дөңес кезекшісі – тасымал қауіпсіздігінің қырағы сақшысы
  • Тассайдағы 1700 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді
  • Қаланың қыс маусымына дайындығы жоғары
  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер