Елге пайдалы бизнес ашты

Screenshot_8.png

«Мен кәсіпкер боламын». Республикада дәл осындай атаумен ерекше бағдарлама бастау алған. Талай жанның идеясын жүзеге асырған бағдарламаның қарапайым халық үшін берері көп. Аталмыш бағдарлама арқасында кәсіпкер атанған жанның бірі - шымкенттік Гүлзина Қожабекова. Ол  өзінің жеке емханасын ашқан. Әйелдерге арналған жеңілдетілген несие бар екенін есітіп, «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның кәсіпкерлерге арналған фронт-офисіне барады. 

«Пандемия кезінде біраз адам кәсібін жүргізе алмай қиналып қалды. Ал, біз керісінше қиын уақытта жұмысымызға кірісіп, қаншама жанға жаңа өмір сыйладық. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 1 пайыздық жеңілдетілген несие барын естіп, фронт-офиске кеңес алуға бардым. Ондағылар 21-58 жастағы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама екенін түсіндіріп, қандай құжаттар керектігін айтты. Бұл бағдарлама біз сияқты кәсібін енді бастағандарға үлкен көмек. Өзім қанша жыл қалалық ауруханада гинеколог болып қызмет атқардым. Жеке емхана ашу үлкен арманым болатын. Аталмыш бағдарламаның арқасында емханаға қажетті құрал-жабдықтарды алып, қазіргі таңда 7 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жұмыс жасаймын дегенге қазіргі таңда мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетілуде. Тек қана алғыс білдіремін, - дейді «Кожабекова ЖШС» жетекшісі Гүлзина Сайдуллақызы.

Емхана Нұрсат шағын ауданында орналасқан. Гинекологиялық орталықта жатыр мойыны патологиясын емдейді. Жаңа инновациялық технологиялар арқылы ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік бар. 

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жеңілдіктер қарастырылғандықтан олар өз тарапынан мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша халыққа тегін қызмет көрсету үстінде. 

Бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты @shymkent_invest парақшасынан немесе Ерімбетов көшесі 304 г, «Заңғар» бизнес орталығы, Бизнеске арналған үкімет фронт-офисінен алуға болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер