«Ел тірегі-Ата Заң»

32.jpg 

Шымкенттегі  Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында Конституция күніне орай «Ел тірегі – Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті.

Аталған шарада Әнұран шырқалып, Көк Туымызға құрмет көрсетілумен басталып, сарбаздар рухты көтеретін патриоттық әндерді шырқады. Орталық директоры Бахтияр Спанов алғы сөзді бастап, мерекемен құттықтай отырып, салтанатты іс-шараны ашып берді. Шара барасында Ұлы дала заңдары мен «Жеті жарғыны» байланыстыра отырып Ата Заңымыз туралы бейне-көрініс көрсетілді.

Арнайы шақырылған қонақтар М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, ҚР Журналистер одағының мүшелері Бейсенкүл Нарымбетова, Әсет Әссанди, Зәуре Оралбаевалар Ата Заң туралы өз ой-толғамдарын жеткізді. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын, Халықаралық, Республикалық айтыстардың жеңімпазы Бөрібай Оразымбет, ақын Зікірия Ходжаев т.б. және БАҚ өкілдері қатысты.

«Көркем» әжелер тобы ән айтып, сарбаздарға Конституция туралы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталды.

Іс-шара соңында Бахтияр Әбілұлы белсене қатысқандарға ұжым атынан ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттап, қонақтар мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер