Шымкент - көне қала

Citadel-Shymkent-Kazakhstan.jpg 

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкенттің тарихына қатысты соңғы жылдары өте батыл тұжырымдардың жасалғаны рас. Қаланың тарихи орны «Цитадельде» немесе «Ескі қалашақта» жүргізілген қазба жұмыстары қаланың жасы біз ойлағаннан әлдеқайда көне екендігін көрсетті.

  Шымкент көптеген зерттеушілердің пікірінше,  Қазақстанда өзінің тарихи орнын сақтап қалған бірден-бір ірі қала болып есептеледі. Қаланың сан ғасырлық тарихы жатқан «Ескі қалашыққа» соңғы кездері қызығушылық артып келеді. Бұл жер туристердің орталығына айналды. Осы бағытта көптеген жобалар бар.   «Ескі қалашық» «Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген.

Мамандардың айтуынша, Шымкенттің туристік әлеуеті зор. «Ескі қалашық» Тәуелсіздік саябағы, Ордабасы алаңы, Қошқар ата өзені секілді жақын орналасқан нысандармен бірлесе тартымды туристік дестинация ретінде қалыптасатын болады.

Ғалымдардың айтуынша, «Цитадельдегі» мәдени қабат 14 метрді құрайды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қаланың тарихи орнында қазба жұмыстары жүргізіліп, археологтар ежелгі және ортағасырлық қаланың даму динамикасын сипаттайтын қызықты мәліметтер берді.
Сол арқылы қаланың қалыптасу уақыты  біздің заманымызға дейінгі 2 ғасыр екендігі анықталды. Яғни, Шымкент 2200 жылдық тарихы бар қала.
«Цитадель» Қазақстанда Бүкіләлемдік туристік нысандардың тізіміне енген төрт орынның бірі болып табылады. Мұндағы жұмыстар пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылуда. Келешекте нысан туристерге Шымкенттің көне тарихы туралы жан-жақты мәлімет бере алатын, туристердің қызығушылығын тудыратын  орталыққа айналады деген сенім бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер