«Ескі қалашық» ХVI ғасырда салынған

2020_12_11_image-11-12-20-15-38-1.jpeg    

Белгілі тарихшы, ғалым Момбек Әбдіәкімұлының айтуынша, бүгінде Шымкентте туристік нысанға айналып жатқан «Ескі қалашық»  Шымкентті Бұқар хандығы жаулап кезде, яғни ХVI ғасырда салынған.

-Ол ғасырда Шымкент бірде Қазақ хандығының, бірде Бұқар әмірлігінің қол астына өтіп тұрған. Кейін Шымкент қазақтарға түпкілікті өткен кезде бұл қамалда жергілікті ұлттан шыққан  қала билеушілері  отырған. Қамал ішінде қала билеушісінің резиденциясы, бай-шонжарлардың үйлері, бірнеше керуен сарай, кіші-гірім сауда, қолөнер орындары болған.     

     1808 жылы күзде Шымкентті Қоқан жаулаған кезде қамал ішіне сол хандықтың даруғалары мен әскері орналасады. 1864 жылы Шымкентті Черняев жаулаған кезде орыс әскері қамалды зеңбірекпен атқылап, шығыс жақ бетін опырып тастайды. Бірақ қамалдың басқа тұстарының қабырғалары ХХ ғасырдың басына дейін сақталып тұрған. Бірнеше гектарды алып жатқан қамалдың жаңа құрылысы кез келген адамды өз көрінісімен еліктіріп әкетеді. Оған кірген адамның көз алдына бірден өткен ғасырлардың тұрмысы мен өмір салты келеді. Болашақта осы қамал көптеген туристерді қызықтыратын орынға айналатыны сөзсіз.  Сырттан келетін қонақтарды Шымкентте тағы не қызықтыра алады дегенге келсек, суы шипалы болып табылатын Қошқарата өзенінің қайнар көзі мен абаттандырылған жағасы да өзгеше гүлзарлы алқап. Ал осы күндері жаңарып жатқан қаладағы көшелер мен соңғы кездері заманауи үлгіде салынған әсем ғимараттар да, басқа қалаларда кездесе бермейтін жүз түрлі дарағы бар Дендросаябақ, жасыл желекке оранған «Наурыз алаңы», ерекше монументтермен әрленген «Тәуелсіздік бағы» сияқты орындар да кез келгеннің көзін тартып, көңілін аударатыны даусыз,-дейді ғалым. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер