Шымкент опера және балет театрына -15 жыл

img_e82e0e821d88476e96d76b66f539603e..jpg 

 Шымкенттегі опера және балет театрының репертуарында 27 қойылым сахналады. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникациялар орталығы хабарлады.

   Шымкент қалалық опера және балет театры 2008 жылғы 7 қарашада театр шымылдығын «Інжу-маржан» қойылымымен алғашқы рет сахналады. Театр шымылдығының ресми ашылуы – Астана мен Алматыдан кейiнгi үшiншi қала деп дәрiптелген Шымкент үшiн осынау өнер ордасының ерекше мәртебеге ие болатыны назарға алынған болатын. Мүмкіндігінше ел игілігі үшін, көрерменнің талғамынан шығу мақсатында тынбай еңбектенуде.

15 жылдық тарихы бар театр құрамында 201 қызметкер жұмыс істеп, халыққа қызмет етеді. Атап айтсақ, симфониялық оркестр ұжымы, хор ұжымы, балет ұжымы және солисттерден құралған өнер майталмандары жұмыс істейді.

Әлемдік опера жұлдызы Майра Мұхамедқызы театр тізгінін алған алғашқы күндерінен бастап, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өзінің жеке шығармашылық идеясынан туған, Т.Жармұқамедтің «Домалақ ана» операсын көпшілік өнер сүйер қауымға тарту етті. «Домалақ ана» – Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера болды.

2021 жылы «Домалақ ана», «Қамар сұлу», «Қыз Жібек» сынды опералар жаңа стильде театр репертуарында жаңартылды. 2022 жылы «Золушка» операсы, Р.Леонковаланың «Паяцы» операсы және балаларға арналған С.Баневичтің «Кашка, кошка молоко» ертегісі, Р.Гайсиннің «Көк түрік» балалар ертегі мюзикілі репертуар қоржынын жаңартып толықтырды.

Театр репертуарында осы күнге дейін 27 қойылым сахналанып, оның 13 әлем классикасынан, 10 қазақ операсының шығармалары және 4 балаларға арналған қойылымдардан құралған. Көрермендер үшін сахнада қойылып, қолданыста жүргені 15 қойылым.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер