Шымкентте жаңа опера және балет театры салынады

bdce0603-f8ad-4263-8337-ee9779bea761.jpeg

15 жылдық тарихы бар Шымкенттегі опера және балет  театрының құрамында 201 қызметкер бар. Мұнда симфониялық оркестр ұжымы, хор ұжымы, балет ұжымы және солисттерден құралған өнер майталмандары жұмыс істейді.

Жаңа маусым жоспары бойынша театрдың көркемдік құрамының отырысы өтіп, театр репертуарын қайта жаңарту мақсатында жоспарға өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, әлем классикасынан Р.Салаватовтың «Қарлы ханым» балеті, Жорж Бизенің «Кармен» операсы жаңа форматта өткізілуі жоспарға енгізіліп отыр.

Сонымен қатар Т.Жармұқамедтің «Домалақ ана» операсымен шет елдерге гастрольдік іс-сапарға шығу жоспарлануда. 2024 жылға жоспар бойынша Дж.Пучиннидің «Мадам Батерфляй» операсы, халықаралық балет күні мерекесіне орай «NEO-Classic» мюзиклін премьералау және «Сұлтан Бейбарыс» операсын жазып, қазақ ұлттық опера қатарына және әлем опералар қатарына қосуды жоспарлаудамыз.

Шымкент Ақпараттық-коммуникация орталығының хабарлауынша, болашаққа деген тың жоспардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған, тарихы терең Ұлы Жібек жолында жатқан, салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмаған алып Шымкент шаһарында жаңа «Опера балет» театры салынғалы тұр. Алдағы уақытта шетелдерге гастрольдік сапармен шығу жоспары, күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл жобалар театр үшін үлкен жетістіктер алып келетіні сөзсіз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер