Биыл Шымкент театрларында 28 премьера өтті

469-1549278663-DSC_0645.jpg 

Биыл Шымкенттегі 6 кәсіби театрда 28 премьера қойылған. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлің коммуникациялар орталығында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы мен Шымқаланың алты театрының басшыларының өткізген брифингінде айтылды.

Биыл  Шымқаланың 6 кәсіби театрының жұмыс жоспарына сәйкес, 28 жаңа қойылым, 1127 ағымдағы қойылым, 59 гастрольдік іс-сапар және 246050 көрермен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Серінің сергелдеңі», «Ахан» лирикалық драмасы, Шымкент қалалық өзбек драма театрында «Сәби» драмасы, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының «Кейкінің кегі», тағыда басқа жалпы 13 Премьера көрермен назарына ұсынылса, ағымдағы репертуарларынан 738 қойылым қойылып, 131018 көрермен тартылды. Оның ішінде ақылы келушілер саны 59875 адам, қайырымдылық ретінде, яғни ақысыз қойылымдарға келуші саны 71143 көрерменді құрап отыр.

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры 27 наурыз күні Көкшетау қаласында «Сәлем» Халықаралық комедиялық театр фестивалінде М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен қатысып, «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын иемденді.

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры сәуір айының 21-28 күндері Алматы қаласында өткен «Ортеке» VІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне Қ.Исаевтың «Саяхатшы тасбақа» ертегі қойылымымен қатысып, ҚР мәденит және спорт Министрінің «Қуыршақ театры өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін» Алғыс хатымен марапатталды.

Маусым айының 2-4 күндері Қарағанды қаласында «Кукляндия» халықаралық ашық фестивальі және маусым айының 25-29 аралығында III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтті. Фестивальге Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысқан болатын. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры фестивальге В.Малюченконың «Масақ» ертегі қойылымымен қатысып, «Ең үздік балалар қойылымы» және «Үздік драматургия» номинацияларымен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер