Шымкентте Студенттер сарайы салынып жатыр

 00.jpg 

Қала активімен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке маңызды міндеттер қойды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер», — дей келе, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Премьер-Министр халық санының өсуі бірқатар әлеуметтік нысанға түсетін жүктемені арттыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланып отыр.Оған қоса Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан жаңа Студенттер сарайы мен Шымкент қалалық опера және балет театры құрылысының маңызына тоқталды.

Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру - маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етеді.

Премьер-Министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбекші ауданының сала үздіктері марапатталды
  • Еңбек әулеті – ұрпаққа үлгі
  • Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт салынады
  • Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
  • Сарапшылар Шымкенттегі өзекті мәселелерді талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер