Шымкент: Әкім орынбасары жастармен кездесті

 Screenshot_2.png

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев Әл-Фараби ауданының жастарымен кездесіп, сұхбат құрды. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Кездесуге Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ақбердиева Сайма Нажиповна, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Омаров Шокир және жастар қатысты.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттады. Мемлекет басшысының Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды қадамдарын жеткізді.

- Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын,-деді Президент Жолдауында.

Жастар арасында жолдау аясында туындаған сұрақтарға жауап беріліп, кездесу соңында естелікке суретке түсті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер