Тұрмыстық зорлық-зомбылық-өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі

28.jpg 

Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында қаламыздағы орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне консультациялық кездесулер мен әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Ол өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары осы бағытта тың жобалар қолға алынуда.

Қазіргі таңда жалпы алғанда «Шымкент көпсалалы колледжі», «Shymkent жоғары педагогикалық колледжі», «Жол-көлік колледжі» МКҚК, М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі ЖМ, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі, «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС, КЕАҚ «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжі», «Болашақ» жоғары колледжі, Техникалық колледжі жеке мекемесі, «Отырар» колледжі, «Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі» ЖШС студенттеріне 500-ден астам ақпараттық кітапшалар мен 1000-нан астам әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбекші ауданының сала үздіктері марапатталды
  • Еңбек әулеті – ұрпаққа үлгі
  • Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт салынады
  • Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
  • Сарапшылар Шымкенттегі өзекті мәселелерді талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер