Сайрамның қасіреті кезеңі-ХІІ ғасыр

Sayram_Gate.jpg   

 Бүгінде Шымкент қаласының аумағына кіретін көне Сайрам шаһары өз тарихында көптеген шапқаншылықтарды бастан кешті. 

 - Тарихтан аян, ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде Сайрам тағдырындағы қасіретті кезеңдер басталған,-деп жазады белгілі жазушы Мархабат Байғұт «Түркілер төрі Түркістан» кітабында. -Қарақытайлықтар өңірлерді басып алады. Қарахандықтар соларға тәуелді болады. Хорезмшах Мұхаммед Сайрам қаласы мен бүкіл Испиджаб аймағын аяусыз қырғынға ұшыратып, түк қалдырмай тонайды. Тұрғындарын Хорезм жаққа қуғындап, айдап әкетеді. Бауыржан Байтанаев аталмыш кітабында Яхұт Әл-Хамауиден «бұл бақ-қаланың қаңырап бос қалуы көзіңе еріксіз жас келтіріп, жүрегіңді қанжылатады» дегендейін үзінді беріпті. Ол да жадымызда ғой. Осылайша Сайрамыңыздың рабаты «моңғол-татар шапқыншылығы» басталмай тұрып-ақ қаңырап, қиратылған. Көп ұзамай, шаһар тірлігі бірсін-бірсін қайтара жанданыпты. Кітап авторы атақты жазбагер Рашид ад-диннен де мағлұматтар келтіреді. Ол кісі кәрі Сайрамды өте үлкен қала, ұзындығы бір күндік жол, қырық қақпасы бар, түркі  мұсылмандар мекендейді және қала Қайду мемлекетінің құрамына кіреді деп те көрсетеді. Жалпы Қайду билігі туралы арғы-бергі тарихшылар жағымды баяндар жеткізетіні белгілі. 1301 жылы Қайду дүние салған. Оның ажалы да Сайрамыңызға әсер еткен екен. ХIV ғасырдың екінші жартысында Сайрам аймүйіз билеуші Әмір Темір мемлекетінің құрамына кіреді. Әмір Темір мен оның ұрпақтары билеген кездері Сайрамның стратегиялық маңызы қаншалықты күшейгені де аталған еңбекте ерекшеленген. Сондай-ақ Сайрамның әлсін-әлсін сыйға тартылғаны, әсіресе Ташкент, Аспарамен қоса өз иелігіне өткен Ұлықбектің бұл шаһарға ықылас-мейірімін төге түскені де әңгімеленеді. Әлемге әйгілі тарихшы тұлға Мұхаммед Хайдар Дулати Бабырдың жорықтарын, Сайрамның жай-жапсарын жан-жақты бейнелеп, көптеген мәліметтер қалдырғаны аян-дүр. Бабыр өз кезегінде Сайрамды Кәттәбек деген билеушіге береді. Соның нәтижесінде Қасым хан тұсында Сайрам уәлаяты Қазақ хандығы құрамына қосылған. Одан кейін де Сайрам қаласы талайлы тағдырларды бастан кешкен. ХVI ғасырдың орта тұсындағы Ұбайдулла сұлтанның жосықсыз жорығы, Наурыз Ахмад пен оның ұлдары жасаған соғыстар, Абдолла ханның сұрапылдары, Баба сұлтанның әскери әрекеттері, тағы басқа да қақтығыстар мен соқтығыстардың ешқайсысы Сайрамға соқпай өтпеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер