Шымкент -Орталық Азияның қақпасы

2021_09_15_shymkent1.jpg  

1864 жылы қоңыр күзде Шымкентті генерал Черняевтың әскерлері басып алды. Қазір тарихшылар осы оқиғамен Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды дейді. Осыдан кейін патша үкіметі үшін Орталық Азияға  жол ашылды. Өйткені Шымкент Орталық Азияның қақпасы болатын. Бұл туралы жазушы Мархабат Байғұт өзінің «Түркілер төрі Түркістан» кітабында былай деп атап өтеді: 

-Бұл туралы Қоқан хандығы бекінісіне орыс патшалығының Шымкент гарнизоны орналасты. Сайрам қаласы мен оның айналасындағы аймақтар да Ресей империясының құрамына қосылды. Шымкент қаласы біраз уақыт Черняев атымен аталды. Патшалық Ресей тұсында отарланып-бұтарланған аймақ, түземдіктер, жабайылар мекені саналған өңірлер онша көркейе қоймады. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін де солай болды. Советтер Одағы, СССР, жетпіс жылдан астам алпауыт мемлекет атанған елдің құрамында Сайрам ауданы қатардағы аймақтардың бірі болды. Егіншілік пен мал шаруашылығы қатты дамытылғанымен, негізгі өнімдер орталықтарға жөнелтіліп отырды. Патшалық Ресей кезінде Белые Воды болып, кейіннен Қазақстан Тәуелсіздік алған соң Ақсукент атанған кент Сайрам ауданының орталығына айналды. Әлі күнге дейін солай. Ал Сайрам кенті және басқа да бірқатар ауылдар Шымкент шаһарының құрамына қосылды. Сайрамдарыңыз осылайша орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстанның ең үлкен, ірі қаласы әрі алып аймақтың стратегиялық астанасы, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен мәдени, діни, рухани орталығы болды. XVIII ғасырға таман бұл өңірде қалалық мәдениет құлдырай бастайды. «Сайрам қаласы әбден әлсіреп, қаңырап бос қалады», – деп жазады Карл Байпақов. Зерттеушілер бұл жағдайдың себептері ретінде Дешті Қыпшақ пен Мауреннахр билеушілерінің, сондай-ақ жергілікті билеушілердің тараптарынан жүздеген жылдар бойына жүргізілген талас-тартыстардың, айқас-шайқастардың, үздіксіз жорықтар мен соғыстардың салдарын атап көрсетеді. Сайрам қаласы әлсіреген кездерде Шымкент шаһарының аты да, заты да алға шығып, жиірек айтылып, жазыла бастайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер