«Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысан

7062382fe4af4d1cadca8ed490b318a6_original.133271.jpg 

         «Шымкент ескі қалашығы» – жергілікті маңызы бар,  тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны.

         2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты.

Шымкент Қазақстанның үшінші мегаполисі. Шымкент күн сайын гүлденіп түрленген шырайлы шахар. Өмір сүруге қолайлы, күншуақты өңірдің халқы салт-дәстүрге бай. Миллион тұрғыны бар қаланың қазіргі аумағы 117 мың гектар. Әр гектарында өткен күннің белгісі бар Шымкент тарихының тамыры терең.

Көне Шымкент қалашығының көлемі 4,5 га. Қазіргі мегаполистің оңтүстік бөлігінде қаланың жалпы деңгейінен биік орналасқан көне қаланың пайда болуымен дамуын зерттеу үшін, мұнда үздіксіз археологиялық қазба жұмыстар жүргізіліп келеді

1958-59 жылдары қалашықта Шымкент пединститутының археологиялық отряды белгілі ғалым, археолог Николай Павлович Подушкиннің басшылығымен қазба жұмыстарын жүргізілді.  Ал 1986-87 жылдары рестовратор, археолог А.О. Итенованың басшылығымен  Қазжобалау институтының археологиялық отряды қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде барлық үйлер тікбұрышты, магистральды және тұйық көшелерге шығатыны белгілі болды.

Ал 2003-2004 жылдары әкімшіліктің қолдауымен, 2004-2008 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Байтанаев сол зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «ИсторияШымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жазып шығарды. Ол басқарған экспедиция 2003-2004 жылдардағы қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы бар екендігін дәлелдеген. 2200 жылдық тарихы 2019 жылдың 12-27 қараша айында ЮНЕСКО көлемінде мойындалып, 2020 жылы өтетін Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кіруі мегаполис үшін өте маңызды оқиға болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер