Нуджикенттен Шымкентке дейін

maxresdefault.jpg 

Бүгінде республикадағы үшінші мегаполис-Шымкент қаласының тарихи орны - «Шымкент ескі қалашығында» үш стратиграфиялық (стратиграфия деген кесінді жасайды, қазбаның бір түрі) қазба жасалған. Бірінші, үшінші қазба 2003 жылы толықтай зерттелген. 2003-2004 жылы зерттелген екінші қазбаның тереңдігі 12 метрден асып, нәтижесінде б.д.д І ғасырдан бастап кейінгі ортағасырға дейін жататын материалдар табылды. Бұл табылған керамикалық материалдар Шымкент қалашығының даму кезеңін айқындап берді.

 "Шымқала" тарихи-мәдени кешенінің хабарлауынша,  Шымкент қалажұрты Бадам мен Қошқарата өзендерінің ортасында орналасқан. Қытайдың әйгілі ғалымы Монах СюаньЦзянь 629 жылы Үндістанға жасаған саяхаты туралы жазбаларында Тараз, Ақсу, Кунгу, Ташкент арасындағы аймақты сипаттай отырып мұны Нуджикет мемлекеті деп суреттеген. Ол былай деп жазады: «Жері құнарлы, егіншілікке қолайлы, от-шөп, орман-тоғай, гүл-бәйшешек пен жеміс-жидекке аса бай, сондай-ақ, тым құнды бағаланатын жүзім де көп өндіріледі. Бұл елде жүзге тарта елді мекен (кент) бар, олардың әрқайсысының өз билеушісі бар. Әр қаланың өз билігі өзінде, бір-біріне өзара тәуелді емес. Әр қаланың өз алдына жеке шекарасы болғанымен, алайда, олар біртұтас Нуджикент мемлекеті деп аталады».

Парсы тарихшысы Шарафад-Дин Али-Йаздидің «Зафар-наме» шығармасында Шымкентті Сайрам маңындағы елдімекен деп көрсеткен. «...Бахрам Жалаир Темір мен Кейхосровтың рұқсатынсыз Джета әскерімен Ташкенттен Сайрамға кеткен». Ал Темір мен Кейхосровтың арбалы керуені Бахрамда болғандықтан, олар соның артынан ере жөнелген. Екеуі Сайрамға жеткен уақытта өздерінің арбалы керуендерін Чимикент деген қоныстан тапқан» деп жазылған «Зафар-намеде». Бұл 1365-1366 жылдары болған оқиға.

Сонымен қатар жазба деректеріне сүйенсек Түркістан өлкесінің зерттеушісі А.Добросмыслов 1912 жылғы өзінің «Сырдария облыстары» атты кітабында сауалнамалық мәліметтер мен этнографиялық зерттеулерге сүйене отырып,  Шымкент қаласы ХІІ ғасырда өмір сүрген деген тұжырым жасайды. Қазіргі ғалымдардың зерттеуі мен археологиялық ашылулар нәтижесінде қала Х ғасырда Нуджикент деп танылған. Бұл жөнінде араб тарихшысы Ибн Хаукаль шығармасында 977 ж. Испиджаб-Сайрам қақпалары жайында айтқанда «Нуджакент қақпасы» деп те атап өтеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер